«Ахмет. Ұлт ұстазы» » Қ.СәтпаевСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.СәтпаевСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
октябрь
2023

«Ахмет. Ұлт ұстазы»

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді.
Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлына биыл 151 жыл толуда.
     Ахмет Байтұрсынұлы « Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырады.Осы орайда «5 қыркүйек – Қазақстан тілдер мерекесіне» орай мектебіміздің 
11 «Б» ,7 «Б» сыныптары арасында «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты дөңгелек стол өтті.Оқушылар Ахметті жан-жақты тануға атсалысты.Өлеңдерін мәнерлеп оқыды.