«SMART TEACHER: эмоция мен байланыс шебері» тренингі
«SMART TEACHER: эмоция мен байланыс шебері» тренингі туралы Мектебімізде педагогтердің эмоционалдық саулығын қолдау, психологиялық тұрақтылығын нығайту және ұжым арасындағы тиімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында «SMART TEACHER: эмоция мен байланыс шебері» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Аталған тренингке мектеп мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, эмоционалдық интеллектіні дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар орындады.