Әдістемелік отырыс » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2026

Әдістемелік отырыс

2025–2026 оқу жылының 5 қаңтар күні әдістемелік отырыс аясында педагогтерге білім алушыларды қорытынды аттестаттау және аралық аттестаттауды ұйымдастыру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме барысында Қазақстан Республикасы Білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қорытынды аттестаттаудың мақсаты, өткізу мерзімдері, пәндер тізбесі, емтихан форматы, бағалау критерийлері мен рәсімдеу талаптары туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар аралық аттестаттаудың оқу жетістіктерін мониторингілеудегі рөлі, өткізу түрлері, тапсырмаларды әзірлеу талаптары, бағалау шкаласы және нәтижелерді талдау жолдары педагогтерге түсіндірілді.
Педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, аттестаттау кезеңінде оқу құжаттамасын дұрыс жүргізу, білім алушыларды психологиялық тұрғыдан қолдау және емтиханға сапалы даярлау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Аталған бағытта ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, педагогтерге әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды.


Әдістемелік отырыстың өткізілуі туралы

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында мектепте кезекті әдістемелік отырыс өткізілді.

Әдістемелік отырыстың тақырыбы:
«Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңызы»

Аталған отырыста педагог-зерттеуші Матрузиева Ж.О. баяндама жасап, критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану бойынша өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Баяндамашы оқушы жетістігін бағалаудағы қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рөліне тоқталып, тәжірибеде қолданылатын әдіс-тәсілдерді ұсынды.

Сонымен қатар, «Жасанды интеллектпен қазақ тілі мен әдебиетінің қызықты сабақтары» тақырыбында Төлеген М. сөз сөйлеп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын көрсетті. Мұғалім цифрлық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болатынын атап өтті.

Отырыстың үшінші мәселесі ретінде педагогтарды аттестаттаудың уақтылы әрі нәтижелі өтуі үшін құжаттардың дайындық деңгейін анықтау мәселесі қарастырылды. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы негізінде талқыланды.
Аталған тақырыпта мектеп әдіскері Алтынбекова Г.Б. сөз сөйлеп, аттестаттаудан өтетін педагогтердің құжаттарын рәсімдеу талаптарына, жіберілетін негізгі кемшіліктерге және оларды алдын ала болдырмау жолдарына тоқталды.

Әдістемелік отырыс барысында көтерілген мәселелер мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, бағалау жүйесін жетілдіруге және аттестаттауға дайындық жұмыстарын жүйелеуге бағытталды.

Қорытынды:

Әдістемелік отырыс жоспарға сай өткізілді, қойылған мақсаттар орындалды. Қатысушылар тарапынан белсенділік байқалып, тәжірибелік ұсыныстар берілді.