Ұлы ғалым Қаныш Сатпаевқа арналған интеллектуалдық ойын
Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевқа арналған интеллектуалдық ойыны туралы
Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп базасында ұлы қазақ ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараға 10 «Д» және 10 «Е» сынып оқушылары ұйымдастырушы ретінде қатысып, жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, сауалнама және танымдық тапсырмалар дайындады.
Аталған интеллектуалдық ойынға 8 «Д», 8 «Е», 9 «Д» және 9 «Е» сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың Қаныш Сәтбаев туралы білімдерін тексеру, ғылыми-танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру болды.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Сен Қаныш Сәтбаев туралы не білесің?» атты білімді тексеру бөлімі болды. Бұл кезеңде оқушылар ғалымның өмірі, еңбектері және ғылымға қосқан үлесі туралы сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың белсенділігі олардың тарихи тұлға туралы білім деңгейінің жоғары екенін көрсетті.