Абай Құнанбайұлы 175 жыл. » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай Құнанбайұлы 175 жыл.
25
август
2020

Абай Құнанбайұлы 175 жыл.

Биылғы жылды Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отырмыз. Абай шығармашылығы, Абай тақырыбы бір жыл көлемінде ғана емес, әр қазақтың әр сәт сайын өмірлік бағдаршамы болуы керек. Қазақта Абай біреу, Абай дара, Абай дана! Абай даналығына бойлаған сайын жаңа бір қырынан түсініп, жан - дүниең жаңаша бір ғажайыпқа толысқандай күй кешесің. Абай шығармашылығынан біз нені үйренуіміз керек, білім алушыларға нені үйретуіміз керек?!
"Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде одан басқа,- деп ,адамның бәрін жақсы көріп, өмірдің мәнін ұғуға шақырады. Біздер, ұстаздар қауымы, шәкірттерімізге Абай айтқан сүйіспеншілікті, достықты үйрете алсақ, адамдықтың нәрін сіңіре алсақ, ақын рухы алдындағы парызымызбен қатар, ұстаздық парызымызды да өтеген болар едік. "Болмасаң да, ұқсап бақ" деген Абай сөзін тәлім етіп алсақ, Абай даналығынан үлгі алар тұсымыз орасан зор екені даусыз! Әлем танып жатқан Абайды әр қазақтың білуі міндетті! Тәуелсіз елім барда, ұлтын сүйген ұрпақ барда Қазақтың Абайы мәңгі жасайды!
Айида Нуржауова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Похожие публикации: