өзін-өзі бағалау.
«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
Есік қаласының Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
өзін-өзі бағалау қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ
Бақылау түрі: өзін-өзі бағалау.
Өзін-өзі бағалау жүргізуге негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 634 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық», «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 шiлдедегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдедегі бұйрығы
Өзін-өзі бағалау комиссиясының құрамы:
Джарикбасова Алия Солтанбаевна | Мектеп басшысы |
Искакова Райгул Нурсапаевна | Мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары; |
Данова Динара Тойганбековна | Мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары; |
Алтынбекова Гульмира Байырбековна | Мектеп басшысының оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары; |
Мадиярова Зауреш Шугаевна | Мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; |
Серікбай Әлібек Еділұлы | Мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; |
Кәсіподақ төрайымы | |
Жахиянов Алтынбек Манарбекұлы | Мектеп басшысының шарауашылық ісі жөніндегі орынбасары |
Өзін-өзі бағалау барысында төмендегі мәселелер тексеріліп сарапталды, олар:
1) білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;
2) оқу және оқыту;
3) білікті қызметкерлердің болуы;
4) қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;
5) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база.
«Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы сипаттама
Білім беру мекемесінің толық атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі Есік қаласының Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
БСН 630640000011 заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 1963 жылдың 25 маусымында берілген. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 1964 жыл.
• Заңды мекен-жайы: 040400, Қазақстан Республикасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматинская 37. Электрондық мекен-жайы: satpaev_om@mail.ru.
• Сериясы –А, қабат саны-3, құрылыс ауданы- 2022,5 ғимараттың ауқымы-18544, жалпы алаң-4126,7 , салынған жылы-1963 жыл (көшірме қосымша ұсынылады Мектептің техникалық паспорты 2005 жылы 1 мамыр жасалған.).
• «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 30.11.2012 жылы тіркеліп, № 1444 қаулысымен бекітілген (көшірме қосымша ұсынылады);
• «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ-нің басқару органы - «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»;
• Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 34,43 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, кадастрлық номері: 03:054:003:098; 03:054:003:098:0 (көшірме қосымша ұсынылады).
• Мектептің білім беру қызметі ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің нормативті құжаттарына, ҚР БжҒМ нұсқаулық хаттары мен бұйрықтарына, ҚР орта жалпы білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелеріне, Мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылуда.
• Жалпы негізгі білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензия: 10 маусым 2021 жылғы №KZ15LAA00031262, мерзімі– шектелмеген (көшірме қосымша ұсынылады).
- Мектептің қаржы-экономикалық жағы өз құзыреттілігінде. Мекеменің ағымдағы шоты, мөрі бар.
- «Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мектепішілік тәртіп ережелері «Білім туралы» Заң, Жарғы және басқа да азаматтық қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық құжаттар негізінде құрылған.
Мектеп басшысы Джарикбасова Алиы Солтанбаевна 2023 жылы 28 тамызда «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің № 120- ж/қ бұйрығымен Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды. Негіздеме: Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы №559 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидалары, «Алматы облысының білім басқармасы мемлекетттік мекемесінің 2022 жылғы 31 тамыздағы мемлекеттік білі беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу бойынша комиссия отырысынының хаттамасы негізінде, өз өтініші, еңбек шарты.
Мектеп Мемлекеттік аттестаттаудан 2022 жылғы 16 мамырда «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті » мемлекеттік мекемесінің шешімімен өтті.
Мектепте 2022-2026 жылдарға арналған білім беруді дамытудың бағдарламасы жоспарланған.
Бағдарламаны іске асыру 3 кезеңнен тұрады:
І кезең-2020-2021 жж.
Білім саласын дамыту бойынша негізгі шараларды іске асыру және білім беруді дамытудың басты міндеттерін қамтамасыз ететін кіші бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аясында МТБ-ны жаңарту;
ІІ кезең-2021-2023 жж.
- Білім беру жүйесін дамытудың инновациялық бағытын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;
- Жаңа білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу;
- Мектепте білім беру жүйесіне қосымша ресурстарды тартуға жағдай жасау.
ІІІ кезең – 2024-2025 жж.
Мектептің білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыру, жұмыс
нәтижелерін жалпылау.
Мектептің өзекті мәселесі үш жылға арналған. Өзекті мәселе: «Оқу - тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу негізінде бәсекеге қабілетті, білімі терең, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту».
Мектептің өзекті мәселесі бойынша алға қойылған міндеттері:
- ҚР жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын оқушыларға меңгерту;
- Жеке оқушылардың шығармашылық, рухани және мәдени, сауықтыру және спорттық мүмкіндіктерін дамыту;
- Отандық және жахандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихи әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
- Оқушыларға жан-жақты еңбек пен жаhандық деңгейлердегі қойылатын талаптарға сай сапалы білім беру;
- Салауатты өмір ұстанымдарын дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
- Оқушыларды ұлтжандылыққа,елжандылыққа, ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу.
Істер номенклатурасы: 1.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі»
01-Басшылық және бақылау
02-Кадрлармен жұмыс
03-Іс - жүргізу
04-Оқу бөлімі
05-Ғылыми-әдістемелік жұмыс
06-Тәрбиелік жұмыс
07-Әлеуметтік жұмыс
08-Кітапхана
09-Логопедтік жұмыс
10-Әкімшілік - шаруашылық бөлімі
11- Педагог - психолог
12 - Кәсіподақ комитеті.
Өзін-өзі бағалау кезінде номенклатурағақұжаттар реті номенклатураға сәйкес жүргізілген, құжаттар ретіноменклатураға сәйкес.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 34-1 тармақшасы негізінде «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңының 5-бабы 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» №192 бұйрығын орындау мақсатында мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамы мектеп директорының 2020 жылы 18 тамыздағы №29-1 бұйрығымен 3 жылға құрылды. Кеңес құрамы хатшыны есептемегенде 5 адамнан тұрады.
Өзін-өзі бағалау тексеру парағы:
- Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС
талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
(қосымша №1; 1.1; 1.2; 2.3; 1.4)
Мектебіміздегі әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Оқу-тәрбие үдерісінде критериалды бағалау құзыреттілігін тиімді пайдалану және қалыптастыру арқылы оқушының өз бетінше білім алу дағдысын дамыту».
Мақсаты:Білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
Міндеттер:
- Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын, Тіл туралы, білім туралы,
Еңбек туралы, Сыбайлас жемқорлық туралы Заңдарды, Білім беру Тұжырымдамасын, және басқа нормативті-құқықтық құжаттарды оқып-білу және жүзеге асыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;
- Білім беруді басқарудың одан әрі даму негізінде қазақстандық білім беру моделінің нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
- Әр түрлі деңгейдегі оқыту технологиясы негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесін қалыптастыру;
- Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту ;
- Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
- Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
- оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері арқылы тәжірибелік
деңгейін, білім сапасын арттыруға қол жеткізу;
- педагогикалық практикаға қазіргі заман технологияларын енгізу және
игеру бойынша мұғалімдердің жұмысының деңгейін арттыру;
- курстық даярлықтан өту, аттестаттау және өзіндік білім көтеру арқылы
мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі Есік қаласының Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; –«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);
– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
– «Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
– «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);− «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы); − «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы);
– «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы. 1-4-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен (1-қосымша) бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен (1-қосымша) бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары
5-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (6-қосымша) бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12тамыздағы №365 бұйрығымен (6-қосымша) бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (86-қосымша) бекітілген жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12тамыздағы №365 бұйрығымен (86-қосымша) бекітілген жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадагы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрыкпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі №352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 4-қосымшасының 23-тармағының 8-тармақшасына, 38, 44-тармақтарына сәйкес «Дене шынықтыру» білім беру саласының 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары инвариантты оқу жүктемесі 1- сыныптарда 19,5 сағат, 2-сыныптарда - 24 сағат, 3-сыныптарда - 26 сағат , 4-сыныптарда -26 сағат құрайды.
Сыныптар бойынша жұмыстық оқу жоспарының оқу жүктемесі «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитарлық нормаларға сай (қосымша 2)
4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығымен бекітілген. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде әзірленген тәрбие жұмысы.
«Туған жер» бағдарламасы өз еліне, өз ауылына, өз қаласына деген махаббаты, жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы, «Туған жер» бағдарламасы тек ауыл-аймақты дамытумен шектеліп қалмайтын жоба екенін түсінуіміз керек. Бағдарламаның ауқымы әлдеқайда кең және мақсаты да ұлттың рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған.
Ең алдымен бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
- Мақсаты:Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу..
Міндеттері:
- Оқушыларды тәрбиенің 3 бағыты негізінде ұйымдастырып, жұмысын жүйелі құру.
- “ Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен шындыққа негізделген адамның лайықты өмірін қалыптастыру;
- Әлеуметтік жобаларға деген қызығушылықтарын арттыру;
- Оқушылардың қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету;”
- Өзін-өзі басқару істерінде белсенді қызметке тарту;
- СӨС қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:
- “Оқушылардың бойына азаматтық және ұлттық құндылықтарын сіңірген жан-жақты, заман талабына сай әрекет ете алатын, дені сау “Мәңгілік елдің көшбасшысы, отан сүйгіш тұлға қалыптасады”
Тәрбиенің негізгі міндеттері:
- Ата – ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
- Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар – ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
- Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
- Табиғатқа, табиғи мұраға ұқытылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
2023 – 2024 оқу жылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы келесідей негізгі құндылықтарды басшылыққа алады:
Олар:
- Ұлттық мүдде
- Ар – ұят
- Талап
Ұлттық мүдде құндылығы:
- Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
- Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;
- Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
- Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;
- Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
- Қоғам игілігі үшін қызмет ету;
- Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;
- Ұлттық мәдениетті дәріптеу;
Күтілетін нәтижесі:
- Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл;
- Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді;
- Елінің тарихын құрметтейді;
- Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді;
- Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары;
Ар – ұят құндылығы:
- Академиялық адалдық қағидатын қолдау;
- Адал еңбекті құрметтеу;
- Сөзіне берік, ісіне адал болу;
- Халқына адал қызмет ету;
- Әдеп нормаларын ұстану;
- Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;
- Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
- Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну;
Күтілетін нәтижесі:
- Ар – ұят, адалдықты жоғары бағалайды;
- Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
- Ата – анасына сүйіспеншілікпен қарайды;
- Достарын, сыныптастарын сыйлайды;
- Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.
Талап құндылығы:
- Сыни және креативті ойлау;
- Жеке және командамен жұмыс істей білу;
- Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
- Физикалық белсенді болу;
- Салауатты өмір салтын ұстану;
- Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;
- Дұрыс қарым – қатынас орната білу;
- Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау;
Күтілетін нәтижесі:
- Жан мен тән тазалығын сақтайды;
- Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
- Қоршаған орта тазалығын сақтайды;
- Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
- Ізденімпаз, жасампаз тұлға.
ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
Жүлделі орындар | 2019-2020 оқу жылы | 2020-2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2023-2024 оқу жылы |
Қатысушылар саны | 300 | 321 | 336 | 342 | 356 |
Қалалық олимпиада | 85 | 93 | 102 | 115 | 125 |
Облыстық олимпиада | 5 | 8 | 11 | 15 | 18 |
Республикалық олимпияда | 3 | 3 | 2 | 3 | 3 |
(4-қосымша - олимпиада)
7) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);
«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқзақ ауданы бойынша білім бөлімі
Есік қаласының «Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп»
КММ 2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы»,
«Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі
нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады. Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ - 34 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Үйде оқыту мерзімі баланың сырқатына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында көрсетілді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 1-11 сыныптарға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарлары «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (53-60- Қосымшалар; толықтыру ҚР Білім және ғылым министрінің 26.01.2022 №25 бұйрығымен енгізілген).
Үйден оқитын оқушылар тізімі
№ | Баланың аты-жөні | Туған жылы | Санаты | Бағдарламасы | Мүгедектігі бар/жоқ | Арнайы маманның сүйемелдеуі | Оқу жүктемесі |
1 | Рахат Дархан | 29.09.2015 | НОДА. Выраженная ЗПР. ОНР 1 уровня | Бейімделген жалпы оқу бағдарламасы | бар | Дефектолог, логопед | 12,5 |
2 | Нұрахмед Ильяс | 17.09.2014 | НОДА. Умеренные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 8 |
3 | Избасар Арлан | 02.02.2015 | НОДА. Умеренные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | Дефектолог, логопед | 8 |
4 | Сулейманов Арби | 10.05.2014 | Выраженная ЗПР. ОНР 1 уровня | Бейімделген жалпы оқу бағдарламасы | бар | Дефектолог, логопед | 14 |
5 | Тоқтарқан Гүлім | 11.10.2014 | НОДА. ЗПР. ОНР 2 уровня | Бейімделген жалпы оқу бағдарламасы | бар | Психолог, логопед | 14 |
6 | Халелова Алия | 15.03.2012 | РАС. Умеренные нарушения интеллекта | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 8 |
7 | Классен Даниил | 20.06.2012 | ЗПР. ОНР 3 уроыня | Бейімделген жалпы оқу бағдарламасы | бар | Дефектолог, логопед, психолог | 8 |
8 | Ердаулет Айжан | 25.09.2012 | НОДА. Умереные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
9 | Альжан Нұржан | 06.06.2012 | НОДА. Грубая ЗПМР.ОНР 1 уровня | Бейімделген жалпы оқу бағдарламасы | бар | дефектолог | 15 |
10 | Альжан Біржан | 06.06.2012 | НОДА. Грубая ЗПМР.ОНР 1 уровня | Бейімделген жалпы оқу бағдарламасы | бар | дефектолог | 15 |
11 | Арсенюк Рувим | 27.09.2012 | НОДА. Умереные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
12 | Жұмамұрат Асемай | 15.12.2010 | Врожденная киста легкого. Смешанная астма | жалпы бағдарлама | бар | 18 | |
13 | Ұмыттарды Нұрбол | 27.04.2010 | НОДА. Умереные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
14 | Асланова Аида | 10.08.2010 | Аутизм. Нарушения общения. Умеренные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
15 | Миндалиева Гаухар | 23.10.2009 | НОДА. Умереные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
16 | Курбанбай Толғанай | 26.11.2008 | НОДА. Легкие нарушения интеллекта. | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
17 | Жарқимбай Дархан | 28.03.2007 | НОДА. Умереные нарушения интеллекта. ОНР 1 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
18 | Зверев Иван | 13.01.2008 | Саркома Юинга | жалпы бағдарлама | бар | жоқ | 20 |
19 | Менделеев Алан | 25.04.2008 | Легкие нарушения интеллекта. ОНР 2 уровня | жеке бағдарлама | бар | дефектолог | 10 |
20 | Нурмухамедұлы Фархат | 31.05.2007 | Отторжение и отмирание трансплантанта почки | жалпы бағдарлама | бар | жоқ | 19 |
21 | Ерланұлы Әлібек | 08.08.2008 | Другие неуточненные поражения мозга | Жалпы бағдарлама | бар | Жоқ | 19 |
22 | Пронин Михаил | 02.10.2006 | Другие неуточненные поражения мозга | Жалпы бағдарлама | бар | жоқ | 20 |
ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың саны -11.
(Қосымша 5; 5,1; 5.2)
8) ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру (бағаланатын кезеңге вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);
Вариативтік компонент негізінде 1 - 4 сыныптарда –1 сағаттан беріледі. Ол сағаттар «Математика және логика» үйірмесіне берілді. 2-сыныптар «Математика және логика», 2- сыныптар «Жұмбақтар сандығы», 3-ші сыныптар «Математика және логика», 4-ші сыныптар «Математика және логика» тақырыптарын таңдады.
Вариативті компонент сағаттарының есебінен5 – 9 сыныптарға «Жаһандық құзыреттілік» курсы енгізілді.
5 «А» «Жаһандық құзыреттілік»
5 «Б» «Жаһандық құзыреттілік»
5 «В» «Жаһандық құзыреттілік»
5 «Г» «Жаһандық құзыреттілік»
5 «Д» «Шахмат» үйірмесі
5 «Е» «Шахмат» үйірмесі
6 «А» «Жаһандық құзыреттілік»
6 «Б» «Жаһандық құзыреттілік»
6 «В» «Жаһандық құзыреттілік»
6 «Д» Глобальные компетенции
6 «Е» Глобальные компетенции
7 «А» Ойна, домбыра
7 «Б» Ойна, домбыра
7 «В» «Жаһандық құзыреттілік»
7 «Д» Глобальные компетенции
7 «Е» Глобальные компетенции
8 «Д» Глобальные компетенции
8 «Е» Глобальные компетенции
9 «А» «Жаһандық құзыреттілік»
9 «Б» «Жаһандық құзыреттілік»
9 «В» «Жаһандық құзыреттілік»
9 «Д» Глобальные компетенции
9 «Е» Глобальные компетенции
10 «А» «Жаһандық құзыреттілік»
10 «Б» «Жаһандық құзыреттілік»
11 «А» «Жаһандық құзыреттілік»
11 «Б» «Жаһандық құзыреттілік»
Жалпы орта білім беру деңгейінің оқу жоспары жоғары сыныптарында математика- жаратылыстану бағыты құрылды. Инвариантты оқу жүктемесі 10-11 сыныптарында - 34 сағат.
10 «А» Қазақ тілі мен әдебиеті. «Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері»
10 «А» Химия. «Тапсырмалар және жаттығулардағы химия»
10 «Б» Орыс тілі мен әдебиеті. «Развитие функциональной грамотности чтения обучающихся»
10 «Б» Ағылшын тілі. «Елтану»
10 «Д» География. «Основы топографии и картографии»
11 «А» Химия. «Көмірсутек шикізаты:кеше, бүгін, ертең»
11 «А» География. «Топография және картография негіздері»
11 «Б» Дүние жүзі тарихы. «Әлемдік мұражайлар өркениеттер тарихы»
11 «Б» Ағылшын тілі. «Елтану»
11 «Д» Қазақ тілі мен әдебиеті. «Қызықты грамматика»
9) «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын зерделеу.
2023-2024 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылды және оқу процесі кезінде жүргізілді. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылды. «Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырды. 10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушыларды Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырды. Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында әскери бөлім басшылығымен келісе отырып, 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық жиыны өткізілді.
10) «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру;
2021-2022 оқу жылында «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы негізінде "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұны 2 тарау §1 25 тармақ, §2 39 тармақтарын басшылыққа алынып 1-4 сыныптарда 8 сағаттан, 2 тарау §135 тармақ, §2 48 тармағын басшылыққа алынды. «Жолда жүру ережелері» 5-8 сыныптарда 10 сағаттан берілді.
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау. Біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішінде жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі.(қосымша 10, 11,12,13,14,17)
Мектептің педагогикалық ұжымының сапалық және сандық құрамының анализі мектептің қажетті оқу-педагогикалық потенциалымен толық қамтылған. Мектепте ҚР мемлекеттік стандартымен қарастырылған барлық пәндер жүргізіледі. Педагогтердің жеке іс-құжаттары, еңбек кітапшалары талапқа сай келеді, мектепте мамандар есебі жүргізіледі. Мұғалімдердің жеке істері, еңбек және санитарлық кітапшалары талаптарға сәйкес. Педагогикалық ұжымның сапалық және сандық құрамның талдауы мектепте қажетті оқу-педагогикалық потенцалдың барлығын көрсетеді, мектепте тұрақты ұжым құрылған.
2023-2024 оқу жылында нәтижелі еңбек еткен педагогтардың саны – 109, оның ішінде, магистратура бітіргендер – 7, жоғары білімді –98 , орта арнаулы – 9 мұғалім. Санаттары бойынша: Педагог-шебер-1,Педагог-зерттеуші – 14, Педагог-сарапшы – 26, Педагог-модератор – 27 (жаңа жүйе); Бірінші санатты – 1, Екінші санатты-2, Педагог – 35.
Оқу жылы | Саны | Педагог-шебер | Педагог-зерттеуші | Жоғары санат | Педагог-сарапшы | Бірінші санат | Педагог-модератор | Екінші санат | Сапа | Сапа (педагог-модераторды /2с қоса алғанда) |
2020-2021 оқу жылы | 112 | 1 | 14 | 1 | 27 | 2 | 32 | 4 | 40% | 71,42% |
2021-2022 оқу жылы | 112 | 1 | 14 | 1 | 28 | 2 | 35 | 2 | 40% | 74,10% |
2022-2023 оқу жылы | 114 | 1 | 12 | 0 | 25 | 1 | 29 | 2 | 34% | 61,40% |
2023-2024 оқу жылы | 109 | 1 | 14 | 0 | 26 | 1 | 27 | 2 | 38% | 65,13% |
Қазіргі таңда
Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің сапалық құрамы
Бастауыш сыныптар бойынша:
19 мұғалім, оның ішінде
Педагог-зерттеуші – 2
Педагог-сарапшы – 11
Бірінші санат-1
Сапа – 79 %
Негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің сапалық құрамы:
90 мұғалім, оның ішінде
Педагог-зерттеуші – 11
Педагог-сарапшы – 13
Бірінші санат - 1
Сапа – 26 ,6 %
оның ішінде, ЖМБ мұғалімдердің үлесі:
20 мұғалім, оның ішінде
Педагог-зерттеуші – 6
Педагог-сарапшы – 3
Бірінші санат – 1
Сапа – 50 %
оның ішінде, ҚГ мұғалімдердің үлесі:
37 мұғалім, оның ішінде
Педагог-шебер-1
Педагог-зерттеуші – 2
Педагог-сарапшы – 5
Бірінші санат – 0
Сапа – 21,6%
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.
- ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 74 бабын негізге ала отырып, Еңбекшіқазақ ауданының аумағындағы мектептердің медициналық кабинетін пайдалану үшін «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) шарты» 2021 жылдың 01 маусым айында «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» Есік қаласының Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ және «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Виамедис» мүмкіндігі шектеулі серіктестігі № 14728-О-ЭТП шартын жасасқан. Мүлікті жалдаудың шарты 2024 жылдың 01 шілдесіне дейін жарамды деп есептелген.
Медициналық қызметке лицензия №23012467 2023 44554жылы 01
маусымда берілген. Мерзімі-5 жылға жарамды.
Мектеп білім алушыларға мектеп асханасы базасында тамақтандыруды ұсынады. Білім алушыларға қызмет көрсетуді тиісті біліктілігі бар, белгіленген тәртіппен алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде) және мерзімді медициналық тексеруден өткен, белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы бар мектептің штаттан тыс қызметкері жүзеге асырылады. Мектеп бойынша асханада 120 орынға арналған.
Қазақстан Републикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі №158 бұйрықтың 1,2,3,10 қосымшасында көрсетілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың жекеленген санаттарына оның ішінде көпбалалы, жетім, аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы негізінде 2023-2024 оқу жылында Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны: 616 оқушы, оның ішінде 486 оқушы бастауыш сыныпта, 130 оқушы жоғарғы сыныптарда. Тамақтану мәселелерін мектепке бекітілген жалға алушы «Серикбаева Уазифа» тағайындалды.
Асхананы қадағалау комиссия құрамы жасалған. Олар:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Тұрғанжан
Әлеуметтік педагог Н.М.Барлыбекова
Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Д.Кулубекова
Ата-ана комитеті А.Омирсерикова
Комиссия мүшелерінің асхананы қадағалау кестесі жасалған. Асхананы қадағалау барысында комиссия мүшелері үнемі тексеріп тұрады. Асхана тазалығы, оқушылардың асханадағы тәртібі, уақытылы тамақтануы туралы бақылап отырады.
Оқушылардың мектеп асханасынан бекітілген кестеге сәйкес уақытында тамақтануы бақылауға алынды. Толық ас мәзірінің қатаң сақталуын, дайындалған ыстық тамақтың сапалық және дәрумендік құрамын күнделікті тексеру директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Тұрғанжанға жүктелді.
Мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтылған балалардың кестеге сәйкес толық тамақтануын, ас мәзірінің қатаң сақталуын, тамақ сапасын, асханадағы санитарлық – гигиеналық жағдайларды айына бір рет тексеріп, оның қорытындысы бойынша Акт құрастырып өткізуін әлеуметтік педагог Н.М.Барлыбековаға жүктелді.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім
үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.Ас ішу залында үстелдер, орындықтар, қол жуатын раковина (ыстық сумен қамтылған), қол кептіретін құрал, сұйық сабын, қоқыс салатын жәшік орналастырылған. Асханада «Асыңыз дәмді болсын!» тақтасы, ақпараттық стендтер ілінген. Meктеп асханасында 7 адам жұмыс жасайды, соның ішінде 2 аспазшы бар. Асхана қызметкерлерінің білім дәрежесін растайтын дипломдары және жеке медициналық кітапшалары бар. Санитарлық кітапшалары талапқа сай, медициналық тексерістен уақытылы өтіп тұрады. Тұрмыстық техникалардың барлығы асхананы жалғы алушынікі. Талаптарға сәйкес мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруға жағдай жасалған СанПиН рұқсаты бар,тамақ ішуге, үй-жайлар механикалық, жылу және тоңазытқыш жабдықтарымен, құрал-саймандармен, ыдыстармен және жиһаздармен жабдықталған. Оқу іс-әрекеті және сабақтан тыс іс-шаралар аясында мектеп оқушыларының тамақтану мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша тұрақты ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырылып отырады.
Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін арнайы орынның жабдықталуы бар.
Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.
Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.
«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1964 жылы қолдануға берілген. Мекен-жайы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматинская 37.
БСН 630640000011 заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 1963 жылдың 25 маусымында берілген. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 1964 жыл.
Заңды мекен-жайы: 040400, Қазақстан Республикасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматинская 37. Электрондық мекен-жайы: satpaev_om@mail.ru.
Ғимараттың қабырғасы қызыл кірпіш.
Сериясы –А, қабат саны-3, құрылыс ауданы- 2022,5 ғимараттың ауқымы-18544, жалпы алаң-4126,7 , салынған жылы-1963 жыл (көшірме қосымша ұсынылады Мектептің техникалық паспорты 2005 жылы 1 мамыр жасалған.).
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 64 камералы бейнебақылауды мектеп орнатты, оның 54 бейнекамерасы ішкі және 10 бейнебақылауы сыртқы мектеп ауласын бақылап тұрады. 2023 жылы 32 камера оның 16 сыртқы бейнебақылау, 16 ішкі бейнебақылау. Қауіпсіздік шаралары аясында мектепте 3 күзетші, 2 вахтер қызмет атқарады.
Мектептің материалдық – техникалық базасы қанағаттанарлық. Мектептің ішкі, сыртқы санитарлық жағдайы, мектеп ауласының көгалдандырылуы талапқа сай. Мектеп ғимаратының іші-сырты, сынып бөлмелері, зертханалар, комьютер сыныбы т.б. санитарлық талапқа сәйкес жабдықталған.
Мектеп мұғалімдері, оқушылар және техникалық қызметкерлер техника және өрт қауіпсіздік ережелерімен толық таныстырылған.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері кабинеттерімен; интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталған. (қосымша №14)
14. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2022-2023 оқу жылдарында білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 19,5 сағаттан, 2-сыныпта – 24 сағаттан, 3-сыныпта – 26 сағаттан, 4-сыныпта – 26 сағаттан, 5-сыныпта – 28,5 сағаттан, 6-сыныпта – 28,5 сағаттан, 7-сыныпта – 31,5 сағаттан, 8-сыныпта – 32,5 сағаттан, 9-сыныпта – 34 сағаттан, 10-сыныпта – 34 сағаттан, 11-сыныпта – 34 сағаттан асқан жоқ. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар толығымен орындалды.
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді. Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-да (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтыды: (2-қосымша)
Оқу жылдары | Компонент | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2022-2023 | Инвариантты | 18,5 | 23 | 25 | 25 | 28 | 28 | 31 | 32 | 33 | 32 | 32 |
Вариативтік | 1 | 1 | 1 | 1 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 2 | 2 | |
Барлығы | 19,5 | 24 | 26 | 26 | 28,5 | 28,5 | 31,5 | 32,5 | 34 | 34 | 34 |
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
2022-2023 оқу жылында 4-9 сыныптар топқа бөлінді "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 57-тармағына сәйкес жүргізілді:
1) шетел тілі;
2) көркем еңбек;
3) информатика;
15. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті
білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамалары қоса беріледі);
1-11 сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады. Әр пән бойынша ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілген және ұзақ мерзімді жоспарда күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Қорытынды аттестаттау 31.05.2023 жылдың педагогикалық кеңестің қорытындысының №5 хаттамасының негізінде сыныптан сыныпқа көшіру бекітілді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі (9,11 сыныптар):
Қорытынды аттестаттау 31.05.2023 жылдың педагогикалық кеңестің қорытындысының №5 хаттамасының негізінде сыныптан сыныпқа көшіру бекітілді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі (9,11 сыныптар):
Қазақ тілі. Мұғалімі Онайбаева Г.Т. және Шабарова Ұ.М.
Оқушы саны | Емтихан бағасы | Қорытынды бағасы | |||||||
Сыныптар | «5» | «4» | «3» | Сапа | «5» | «4» | «3» | Сапа | |
9 «А» | 25 | 7 | 11 | 7 | 72% | 7 | 11 | 7 | 72% |
9 «Ә» | 24 | 5 | 13 | 6 | 75% | 5 | 13 | 6 | 75% |
9 «Б» | 24 | 5 | 10 | 9 | 62% | 5 | 10 | 9 | 62% |
Барлығы | 73 | 17 | 34 | 22 | 69,8% | 17 | 34 | 22 | 69,8% |
Қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау көрсеткішінен байқағандай оқушылар жыл бойы қалай оқыса, тура сондай көрсеткіш көрсеткенін көреміз.
9- сыныптар. Алгебра. Мұғалімдер: Ахметова Меруерт Акановна және Сагинова Лаура Сейтпековна
Оқушы саны | Жылдық бағасы | Қорытынды бағасы | |||||||
Сыныптар | «5» | «4» | «3» | Сапа | «5» | «4» | «3» | Сапа | |
9 «А» | 25 | 6 | 15 | 5 | 80 % | 6 | 14 | 5 | 80 % |
9 «Ә» | 24 | 7 | 13 | 4 | 83 % | 3 | 15 | 6 | 75 % |
9 «Б» | 24 | 10 | 11 | 3 | 87 % | 5 | 12 | 6 | 75 % |
Барлығы | 73 | 22 | 40 | 12 | 84 % | 14 | 41 | 17 | 75,3 % |
Алгебра пәні бойынша деректер: 9 «А» жылдық сапасы мен қорытынды сапасы 80 %-ды құрайды, яғни бірқалыпты.
Ал 9 «Ә» сыныбының жылдық сапасы 83 %ды құраса,ал емтихан қорытындысының нәтижесінен кейін 9 % ға төмендегенін көреміз.
Ал 9 «Б» сыныбының жылдық сапасы 87 % ды құраса,ал емтихан қорытындысының нәтижесінен кейін 12 % ға төмендегенін көреміз.
9- сыныптар: Орыс тілі. Мұғалімдері : Тукенова А.Х
Оқушы саны | Жылдық бағасы | Қорытынды бағасы | |||||||
Сыныптар | «5» | «4» | «3» | Сапа | «5» | «4» | «3» | Сапа | |
9 «А» | 25 | 6 | 15 | 4 | 89 % | 6 | 15 | 4 | 89 % |
9 «Ә» | 24 | 6 | 13 | 5 | 79 % | 6 | 13 | 5 | 79 % |
9 «Б» | 24 | 6 | 13 | 5 | 79% | 8 | 11 | 5 | 79 % |
Барлығы | 73 | 18 | 41 | 14 | 80,8% | 20 | 39 | 14 | 80,8 % |
11- сыныптар: Қазақ тілі. Мұғалімдері: Онайбаева Г.Т, Шаяхметова Ж.Б
Оқушы саны | Жылдық бағасы | Қорытынды бағасы | |||||||
Сыныптар | «5» | «4» | «3» | Сапа | «5» | «4» | «3» | Сапа | |
11 «А» | 22 | 10 | 9 | 2 | 90,4% | 10 | 9 | 2 | 90,4% |
11 «Ә» | 20 | 10 | 9 | 1 | 95 % | 10 | 9 | 1 | 95 % |
Барлығы | 42 | 20 | 18 | 3 | 100% | 20 | 18 | 3 | 100% |
11- сыныптар: Алгебра және анализ бастамалары. Мұғалім Иманхан С.М.
Оқушы саны | Жылдық бағасы | Қорытынды бағасы | |||||||
Сыныптар | «5» | «4» | «3» | Сапа | «5» | «4» | «3» | Сапа | |
11 «А» | 22 | 2 | 13 | 6 | 68 % | 2 | 14 | 5 | 72 % |
11 «Ә» | 20 | 7 | 7 | 5 | 70 % | 7 | 7 | 5 | 70 % |
Барлығы | 42 | 9 | 20 | 10 | 69 % | 9 | 21 | 10 | 71,4 % |
Ал 11 «А» сыныбының жылдық сапасы 68 %ды құраса, ал емтихан қорытындысының нәтижесінен кейін 4 % ға к-терілгенін көреміз.
11- сыныптар: Қазақстан тарихы. Мұғалімі: Арапов С О.
Оқушы саны | Жылдық бағасы | Қорытынды бағасы | |||||||
Сыныптар | «5» | «4» | «3» | Сапа | «5» | «4» | «3» | Сапа | |
11 «А» | 22 | 1 | 17 | 3 | 85,7 % | 1 | 17 | 3 | 85,7 % |
11 «Ә» | 20 | 1 | 15 | 4 | 80% | 1 | 15 | 4 | 80% |
Барлығы | 42 | 2 | 32 | 7 | 80,9 % | 2 | 32 | 7 | 80,9 % |
Қазақстан тарихы пәні бойынша соңғы нәтижені салыстыратын болсақ жылдық сапасы мен қорытынды сапасы 80,9 %-ды құрайды, яғни бірқалыпты.
Қорытынды аттестаттау нәтижесімен Тургунбоева Арухан «Алтын белгі» аттестатын, Шукербаев Дулат «Үздік аттестат» растап, үлкен нәтижеге ие болдық (6.1; 6.2; 6.3; 6.4 -қосымша)
2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №182 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» талаптары сақталды. Үй тапсырмасының уақыты әр сыныпқа белгіленген уақыттан асып кеткен жоқ.
Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.
Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады.
Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқышының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Өзімнің көпжылдық тәжірибемде байқағаным кейбір оқушылар оқулықпен дұрыс жұмыс істей алмайтындықтары. Мысалы: тақырыпты түсінбей, құр жаттайды, кітаптан бір азат жолды оқып шығып, соны тақпақ сияқты жаттап алуға тырысады. Сондықтан да сабақты әзірлеуге көп уақыты кетеді. Солай бола тұрса да, ол сол сабақтан «3» және «4»-тен артық баға алмайды. Ал, кейбір оқушылар математикалық ережелерді жаттап алады, бірақ соларды өздігінен есеп шығарғанда қолдана білмейді. Сондықтан да үй тапсырмасына 2-3 тақырыпты бірден беруге, күрделі есептердің бірнешеуін беруге болмайды.
Үй тапсырмасын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Үйге берілетін тапсырмаларды әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын күнбе — күн тексеру жақсы нәтиже беріп келеді. Бұл әдісім арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
- Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
- Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс- тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
- Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
- Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
- Үйдегі оқу жымысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіге байланысты.
- Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
- Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысыныда мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
- Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
- Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін — өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескерту мұғалімдер үшін аса қажет болмақ. Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отырып, оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:
2-сыныптарда - 1сағат;
3-5сыныптарда - 1,5;
6-8сыныптарда - 2сағат;
9-11 сыныптарда - 2,5-3 сағат;
Сонымен қатар, оқушылар сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
Мектептің тұжырымдамасы
Қалыптасқан уақытынан бері біздің мектеп «Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін, функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс жасайды. Тақырыпқа сай оқу жылының басында мектеп өзінің алдына мынадай негізгі мақсаттарды қояды:
- жаңа әдістер мен технологияларды қолдану және педагогикалық тәжірибеге енгізу арқылы білім бері сапасын арттыру;
- дарынды балалар бағдарламасын жетілдіру, оның бағыттары бойынша жұмысқа педагогикалық ұжымның барлық мұғалімдерін жұмылдыру;
- өзіндік бақылау және өзіндік білім көтеру жұмысын белсендендіру, еңбек тәртібін, жауапкершілік деңгейін арттыру;
- оқушыларды білім беру тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының білім беру туралы Заңының аясында тәрбиелеу болып табылады.
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және жоғарыда айтылған бағыттарға сүйене отырып мектептің жұмыс жоспары құрылды, 2023-2024 оқу жылының 1 қыркүйегіндегі ұжымның педагогикалық кеңесінде қаралып, бекітілді.
Оқу үрдісі БОЖ-ға сәйкес екі ауысымда бес күндік режимде жұмыс жүрді.
Қ. Сатпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі өзінің кезекті 2023-2024 оқу жылы оқу жылын аяқтады. Мектептің жұмысында өзіндік сипаты ретінде білім берудің сапалық өсуі жылдан жылға нығайғандығын байқауға болады.
Оқу жылының басында мектепте мектеп алды даярлық сыныптарымен қоса есептегенде (13 оқушы)1295 оқушы болды, оқу жылының аяғында мектеп алды даярлық сыныптарымен қоса есептегенде (11 оқушы) – 1312 оқушы болды. Былтырғы оқу жылында оқу жылының басында – 1311 оқушы болды, бұл сан мектеп алды даярлық сыныптарымен қоса есептегенде (17 оқушы), сонымен биылғы оқу жылында мектепте 17 оқушыға артық. Мектептегі қозғалыстардың нәтижесінде жыл барысында ---оқушы келді де ---- оқушы кетті. Негізінен оқушылардың қозғалысы қала ішіндегі мектептер, облыс және республика мектептерінің арасында.
Егер білім беру сатылары бойынша қарастырсақ:
2022/2023 | 2023/2024 | ||||||||
мектеп алды даяр лық сыныбы | бастауыш мектеп 1-4 | негізгі саты 5-9 | жоғарғы саты 10-11 | мектеп алды даяр лық сыныбы | бастауыш мектеп 1-4 | негізгі саты 5-9 | жоғарғы саты 10-11 | ||
Оқу жылы ның басы | 24 | 571 | 664 | 122 | 13 | 502 | 665 | 128 | |
Оқу жылы ның аяғы | 17 | 563 | 662 | 117 | 11 | 512 | 674 | 126 | |
Барлы ғы | -7 | -8 | -2 | -5 | -2 | +10 | +9 | -2 | |
Сонымен, мектеп бойынша оқу жылдын аягында оқушылардың саны былтыр 1342 болса,биылғы жылы оқушылар саны 1312 болды,яғни 30 оқушыға кем. 53 сынып-комплект топталды, орташа тығыздық 24,4 оқушыны құрады.
Биылғы оқу жылында:
- Бастауыш мектепте – 19 сынып, оқушылардың орташа тығыздығы – 26,4 оқушыдан. Оның ішінде мектеп алды даярлық сыныбында 1 сынып-комплекті, ондағы оқушылардың орташа тығыздығы – 13 оқушыдан.
- Негізгі мектеп – 5-9 сыныптар – 26 сынып-комплекті, негігі мектептегі сыныптардағы оқушылардың орташа тығыздығы – 25,5 оқушыдан.
- Жоғарғы мектепте – 8 сынып, екі – 10 сынып оқыды және екі – 11 сынып оқыды.
Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсатында мектепте келесі бағыттарда жұмыстар жүргізілді:
Математика – жаратылыстану 10-11 сыныптарда
Таңдау бойынша курстар, Жаһандық құзіреттілік бағдарламасы бойынша:
- «Мектеп театры» - Сарбиева Ж.К., Примбетова М.К.
- Логика – Аскарова А..
- Экология -Махметова З.М.
- Дебат– Арапов С.О.
- Шахматтық ойындар- Ыврай Б
Білім берудің қорытындысын келесі кестеден көруге болды
2022-23 оқу жылындағы мектептегі үлгерім кестесі
(даярлық топты санамағанда)
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | Жыл | |
Оқу жылының басында | 1295 | 1294 | 1305 | 1312 | 1312 |
Тоқсан аяғында | 1294 | 1305 | 1311 | 1312 | 1312 |
Үлгерушілер | 1294 | 1305 | 1311 | 1312 | 1312 |
Үлгермеушілер | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Үлгерім % | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
«4» пен «5» | 682 | 723 | 774 | ||
Үздіктер | 175 | 186 | 195 | ||
Екпінділер | 507 | 537 | 579 | ||
Үлгерім сапасы % | 56,9 % | 59,9 % | 63,7 % | % | % |
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылды. Бағалау нақты бөлім/ортақ тақырып бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылды. Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын жаңартылған бағдарламамен оқитын барлық сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалаулар және тоқсандық жиынтық бағалаулар жүргізілгендігін растайтын материалдар бар, жинақталған.
Тексеру кезінде бөлім, тоқсандық бойынша жиынтық бағалау алынып, тексеріліп, электронды журналға баллдары қойылған. Бағалау критерийі мен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикаторлармен ата-аналардың танысқандығы жөнінде қолдары қойылған. Модерация хаттамалары жинақ папкаларында жасақталған. Мұғалімдердің БЖБ, ТЖБ өткізу жоспары құрылған. Мектеп директорымен бекітілген модерация отырысының мүшелер тізімі жасалған.
4) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау:
Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді: -
- - жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялықпедагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу әдістемелік әзірлеу;
- - ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;
- - инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,
- - үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бейімдеу
Осы балаларды педегогикалық-психологиялық қолдау мақсатында мектепте ППК жұмыс жасайды. Жыл басында ППК құрамы бекітіліп, кеңес жоспары және жылдық жұмыс жоспары жасалып отырды. ППК құрамында оқу ісі орынбасары, тәрбие ісі орынбасары, әлеуметтік педагог, психолог, мектеп медбикесі және осы балалар оқитын сыныптың жетекшілері кіреді.
Негізгі орта білім беру бойынша
Жылдар | 9 сынып | Үздік аттестат |
2019-2020 оқу жылы | 124 | 13 |
2020-2021 оқу жылы | 122 | 15 |
2021-2022 оқу жылы | 135 | 11 |
2022-2023 оқу жылы | 142 | 17 |
2023-2024 оқу жылы | 107 | ::::::::: |
Жалпы орта білім беру бойынша
Жылдар | 11 сынып | Үздік аттестат | Алтын белгі | ГРАНТ |
2019-2020 оқу жылы | 49 | |||
2020-2021 оқу жылы | 43 | |||
2021-2022 оқу жылы | 52 | |||
2022-2023 оқу жылы | 42 | |||
2023-2024 оқу жылы | 67 |
«АЛТЫН БЕЛГІ» иегерлері
Жылдар | Оқушының аты-жөні |
2017-2018 оқу жылы | 1.Хамидолла Шерхан 2.Батталова Нұрай 3.Нарбатыров Төле 4.Тұрдыбекова Назерке |
2018-2019 оқу жылы | 1.Алайдаров Мұхит 2. Нурмагамбетова Медина 3. Канафина Маржан 4.Карибекова Айдана |
2019-2020 оқу жылы | 1.Кабжанов Аян 2.Махатова Арай 3.Кайркеш Дилназ |
2020-2021 оқу жылы | 1.Алпыспай Томирис 2.Сардарбеков Мирас 3.Әлжан Дилназ |
2021-2022 оқу жылы | 1.Ахметжанова Айнұр 2.Базаров Диас 3.Досекеев Нұрғиса 4.Сагадат Адиль 5.Таймас Жанел 6.Жуманова Жанель 7.Исагалиева Зульфия 8.Карибекова Айжан 9.Молдабекова Айжан |
2022-2023 оқу жылы | Тургунбоева Арухан |
«Үздік аттестат» иегерлері
Жылдар | Оқушының аты-жөні 9- сынып | Оқушының аты-жөні 11-сынып |
2017-2018жж | 1.Кабжанов Аян 2.Махатова Арай 3.Кайркеш Дилназ 4.Нурназарова Асем 5.Катаева Бағлан 6.Кинаятова Аяжан | 1.Жабаева Мадина 2.Абдрахманова Тамирис 3.Бегахмет Ақбота 4. Мұғаділ Әліби |
2018-2019жж | 1.Сыздық Салтанат 2.Әлжан Дилназ 3.Алпыспай Томирис 4.Сардарбеков Мирас 5.Избасарова Айдана 6.Кадиркулова Альфия | ---------------------------------- |
2019-2020жж | 1.Таймас Жанел 2.Карибекова Айжан 3.Сағадат Әділ 4.Базаров Диас 5.Ахметжанова Айнұр 6.Досекеев Нұрғиса 7.Исагалиева Зульфия 8. Молдабекова Айжан | 1.Нурназарова Асем 2.Катаева Бағлан 3. Нурыева Аяжан 4.Турдыбеков Нурлан 5.Женисбекова Ақгүл 6.Тулешева Рамина 7.Аблайхан Томирис |
2020-2021 оқу жылы | 1. Шукербаев Дулат 2. Тургонбоева Арухан 3. Жолдыбаев Бактияр | 1.Сыздық Салтанат 2.Избасарова Айдана 3.Кадиркулова Альфия |
2021-2022 оқу жылы | 1.Айған Меруерт 2.Искакова Дильяра 3.Зейнилова Дильяра 4.Каюмова Айдана 5.Нурадинова Айгерим | ------------------------------- |
2022-2023 оқу жылы |
10.Ходжабай Айгерім. | Шукербаев Дулат |
Осы жылдар арасындағы нәтижені салыстырсақ оқушылардың жоғарғы орын оқуына түсіп, оның ішінде грант иегерлерінің жылдан жылға көбейгенін көріп отырмыз. Бұл, әрине, ұжымның еңбегінің жемісі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ
Алматы облысы
2024 жылы
Жаңартылған күні: 15.08.2024 23:05
Құрылған күні: 15.08.2024 23:05