«Инклюзивті ортадағы педагог ассистенттің рөлі» тақырыбында педагог ассистенттерге арналған отырыс туралы » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инклюзивті ортадағы педагог ассистенттің рөлі» тақырыбында педагог ассистенттерге арналған отырыс туралы
06
апрель
2026

«Инклюзивті ортадағы педагог ассистенттің рөлі» тақырыбында педагог ассистенттерге арналған отырыс туралы

«Инклюзивті ортадағы педагог ассистенттің рөлі» тақырыбында педагог ассистенттерге арналған отырыс туралы

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға сапалы қолдау көрсету мақсатында педагог ассистенттерге арналған «Инклюзивті ортадағы педагог ассистенттің рөлі» тақырыбында әдістемелік отырыс өткізілді. Отырыстың негізгі мақсаты – педагог ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру процесінде тиімді қолдау көрсету жолдарын түсіндіру және инклюзивті ортада жұмыс жүргізудің заманауи стратегияларын меңгерту болды.

Отырыс барысында инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары түсіндіріліп, педагог ассистенттің оқу-тәрбие процесіндегі орны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылып, сабақ барысында қолдау көрсетуді дұрыс жоспарлау жолдары көрсетілді.

Кездесу барысында педагог ассистенттің негізгі міндеттері атап өтілді. Атап айтқанда:

·білім алушының оқу әрекетіне бейімделуіне көмектесу; 

·сабақ барысында мұғалімнің нұсқауларын орындауға қолдау көрсету; 

·оқушының әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету; 

·оқушының психологиялық жай-күйін бақылау; 

·мұғаліммен, ата-анамен және мамандармен бірлескен байланыс орнату; 

·қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға қатысу мәселелері қарастырылды. 

Сонымен қатар педагог ассистенттің рөлі тек көмек көрсетуші қызметпен шектелмей, оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оның дербестігін дамытуға бағытталуы қажеттігі айтылды. Осыған байланысты қатысушыларға оқушыны шамадан тыс бақылауға алмау, керісінше өздігінен әрекет етуіне жағдай жасау жөнінде ұсыныстар берілді.

Отырыста сабақтағы қолдауды тиімді жоспарлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Педагог ассистенттерге:

·қысқа мерзімді жоспармен танысу; 

·сабақ мақсатына сәйкес қолдау түрін анықтау; 

·визуалды материалдарды тиімді қолдану; 

·тапсырмаларды кезең-кезеңімен түсіндіру; 

·оқушының шаршау деңгейін ескеру; 

ынталандыру мен мадақтау тәсілдерін орынды пайдалану бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынылды.