Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілген «Көңілді үзілістер» туралы
Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілген «Көңілді үзілістер» туралы
Мектебімізде бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эмоционалдық көңіл-күйін көтеру және өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға бастауыш сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, өздерінің көңіл-күйлерін еркін жеткізе білді.«Көңілді үзілістердің» негізгі мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, балалардың бір-бірімен еркін араласуына мүмкіндік жасау, достық қарым-қатынасты нығайту және жағымды эмоциялық орта қалыптастыру болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушылар өз сезімдерін ашық білдіруге, өзгелердің пікірін құрметтеуге және ұжыммен жұмыс жасауға дағдыланды.
Іс-шаралар барысында түрлі қимылды ойындар, сергіту сәттері, логикалық тапсырмалар, би флешмобтары, көңілді эстафеталар мен топтық ойындар өткізілді. Әсіресе, оқушылар арасында «Көңілді шеңбер», «Жылы лебіз», «Смайлик көңіл-күйі», «Достық биі» сияқты ойындар ерекше қызығушылық тудырды. Бұл ойындар балалардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың эмоционалдық көңіл-күйінің көтерілуіне ықпал етті.
Оқушылар үзіліс уақытында өздерінің қуанышын, ризашылығын және достық сезімдерін ашық білдіріп, бір-біріне жылы сөздер айтты. Кейбір тұйық мінезді балалардың да белсенділік танытып, ортаға еркін араласуы байқалды. Мұндай жұмыстар балалардың психологиялық ахуалын жақсартып, өзіне деген сенімділігін арттыруға оң әсерін тигізді.
Сонымен қатар, «Көңілді үзілістер» барысында оқушылар ұйымшылдыққа, сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиеленді. Балалардың бойында мейірімділік, қамқорлық, достық сияқты адамгершілік қасиеттер қалыптасып, жағымды қарым-қатынас мәдениеті дамыды.
Іс-шараларға сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері де белсенді қатысып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұғалімдердің ұйымдастырушылық қабілеті мен шығармашылығы нәтижесінде әр үзіліс қызықты әрі мазмұнды өтті.
Қорытындылай келе, бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілген «Көңілді үзілістер» өз мақсатына жетті деп есептеледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, мектептегі эмоционалдық ахуал жақсарды. Балалардың өз сезімдерін ашық білдіруі, достық қарым-қатынас орнатуы және белсенділік танытуы іс-шараның тиімді өткенін көрсетті.
Осындай тәрбиелік маңызы зор жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.