Мукашев Бекнур Дуйсенович » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июль
2023

Мукашев Бекнур Дуйсенович

Мукашев Бекнур Дуйсенович 
Білімі: Жоғары, Абай атындағы Алматы университеті. Абай атындағы бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру.                                  
Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімі. Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті.Тарих пәнінің мұғалімі.
Пән бойынша санаты: жоғары санат
Лауазымы бойынша: 3 санат.
Білім беру ұйымы басшысының еңбек өтілі:
Жалпы басшылықтағы еңбек өтілі: 9 жыл 
Аталған мекемедегі басшылықтағы еңбек өтілі: 5 жыл 
Білім беру ұйымының білім сапасының деңгейіне толық сараптама: 2022-2023 оқу жылында білім сапасы өткен оқу жылымен салыстырғанда 2%-ға кеміді. Оқу жылының І тоқсанында білім сапасы 50,1%,  ІІ тоқсанда 51,9%,  ІІІ тоқсанда 55,8%,  ІV тоқсанда 55,9% құрады. Жыл бойы білім сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, дегенменде  қабылдаған оқушы санына  байланысты сапа түсті.Сапа 56,3% құрады.
Білім беру ұйымынында білім сапасының деңгейін көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралар: 
Білім сапасын көтеруде бірнеше іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, білім сапасы төмен жекелеген сыныптарда зерттеу сабақтары Lesson study жүргізілді. Зерттеу барысында арнайы топ құрылып, білім сапасының төмендеуінің себептерін анықтады. Зерттеу тобы ауқымды, нәтижелі жұмыстар жүргізді. 
Білім сапасын көтеру бойынша жүргізілген келесі жұмыстардың бірі - бір сынып бойынша пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы. Пән мұғалімдері жекелеген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыстар ұйымдастырды.Білім сапасын көтеру бойынша жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім сапасында тұрақтылық байқалады. Жүргізілген әдістемелік іс-шаралар  педагогтардың   шығармашылық ізденіс жағдайларына    қосылуына, мұғалімдердің   әдістемелік және практикалық дайындық   деңгейін   арттыруға,  педагогтың   қызметіндегі   өзін-өзі бақылау және өзін-өзі ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын меңгеруге, педагогикалық   ойларын енгізуге және  алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдауға  мүмкіндік берді.
 Білім беру ұйымынындағы тәрбие үрдісіне сараптама:
 
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
 Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
 Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.