24
октябрь
2024
«Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте» 24 қазан күні Республика күніне орай «Қазақстан - туған елім, ұлы елім» атты мерекелік концерт өтті.
«Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте» 24 қазан күні Республика күніне орай «Қазақстан - туған елім, ұлы елім» атты мерекелік концерт өтті. Концерт шымылдығы ұлт зиялыларының ұлт болашығы туралы диалогы көрінісімен ашылды. Ары қарай ортаға ҚР мемлекеттік тууы кіргізіліп, әнұран шырқалды. Мектеп директоры Алия Солтанбаевна сөз алып, қонақтарды Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осыдан тура 33 жыл бұрын 25-ші қазан күні Жоғарғы кеңестің 307-ші қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып Тәуелсіздікке нық қадам жасалды. Қазақстан Республикасына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерт 8 Б сынып оқушысы Бақдаулет Аянның көркемсөз оқуымен жалғасты. Мереке қарсаңында мектебіміздің рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін мектеп ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. Концерт домбырашылар ансамблінің орындауында Құрманғазының “Адай” күйімен жалғасын тапты. Ары қарай мектебіміздің мың бұрылған қыздарынан құралған «Көркем ай» би тобы Қазақ биін билесе, бұлбұл дауысты қыздарымыз Дамира мен Аяла «Қазақ елі осындай» әнін шықтап көрермендер көңілін серпілтіп тастады. Концерт соңында мектеп оқушыларынан құралған балалары хоры «Прекрасная далеко» және «Атамекен» әнін Нұржалғас Аралбайұлының дирижорлауымен орындап концерттің әдемі нүктесін қойды. Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Қазақстанның мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
Қазақстанның мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!