05
декабрь
2024
5-желтоқсан күні 5-7 сыныптар арасында, ұлдар жиналысы өткізілді.
5-желтоқсан күні 5-7 сыныптар арасында, ұлдар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серікбай Ә.Е. мектептің iшкi тәртіп ережелерімен тағы да таныстыра отырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен мектеп формасы, шаш үлгісі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қысқы демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстары мен кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы аға лейтенанты Айтуова М.Е сөз сөйледі. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.