Көктемгі көгалдандыру және ағаш отырғызу акциясы
Көктемгі көгалдандыру және ағаш отырғызу акциясы Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп ұжымы қазіргі уақытта мектеп ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі базасында білім беру үдерісін жалғастыруда. Осыған орай, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында көктемгі көгалдандыру науқаны ұйымдастырылды.