2025–2026 оқу жылының 12 қаңтар күні мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді. » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2025–2026 оқу жылының 12 қаңтар күні мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді.
12
январь
2026

2025–2026 оқу жылының 12 қаңтар күні мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді.

2025–2026 оқу жылының 12 қаңтар күні мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне сәйкес қорытынды аттестаттау және аралық аттестаттауға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ата-аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес қорытынды аттестаттаудың мақсаты, өткізу мерзімі, пәндер тізімі, бағалау талаптары мен рәсімдері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар аралық аттестаттаудың оқу үлгерімін бақылаудағы маңызы, өткізу форматы, бағалау критерийлері және нәтижелерінің қорытынды бағаға әсері түсіндірілді.Түсіндірме жұмыстары барысында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, емтиханға дайындық кезеңіндегі оқушы мен ата-ананың жауапкершілігі, психологиялық қолдау көрсету жолдары туралы ұсыныстар айтылды.
Аталған тақырыптар бойынша ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар тарапынан кері байланыс алынды.