Жас мамандар апталығы » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2023

Жас мамандар апталығы

«Қ. Сатпаев атныдағы орта мектеп» КММ 24.04-10.05 аралығында мектебіміздің жас ұстаздарының апталығы өтті. Апталықта мектебіміздің 22 жас мұғалімдер өз біліктілігі мен шеберліктерін ұштастыра отырып, ашық сабақ жүргізді. Бойындағы қайрат-жігерлері мол, Мағжан сенген бүгінгінің жастары ертеңнің тізгінін ұстаушы екендерін жарыса көрсете алды. Сабақтарында жаңа әдістерді қолданып, көрнекі құралдарды бір-бірімен таласа пайдалана білді. Өз қатарлас әріптестерінің ашық сабағына қатыса отырып, ұтқан тұсын айта білді және олқы кеткен «сәл тетігін қатты бұрау керек еді» деп тапқан тұстарын айтып, бірінен-бір озса екен деген жанашырлықтарын көрсете білді.  Жас ұстаз «жас мамандар апталығынан» өзіне не алды? Әрине, бірінші кезекте өз бойындағы қабілетін анықтай білді. Сонымен қатар, сынды орынды қабылдауды үйренді. Өзге әріптестеріне үйретері бар екенін ұғынды, өзі де сол әріптестерінен «ұстаз» деген тұлғасына қосары бар екенін білді.  Жас маман, сенің болашағыңның жарық нұры, сен тәрбиелеген бүгінгінің бұрымдысы мен елді тізгіндеуші. Бойыңды билеген белгісіздікті санаңдағы арманыңа жеңдіре біл! Сен-жас шәкірттің бой түзерісің, сен-жас ортаның ой-санасының бүршігісің! Ғалым да, не бір дана, данышпанның биік жетістігі сенен бастау алатынын ұмытпа! Жас маман, жарқын болашаққа бас қадам!