Жас мамандардың 2022-2023 оқу жылының жұмыс есебі » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандардың 2022-2023 оқу жылының жұмыс есебі
14
июль
2023

Жас мамандардың 2022-2023 оқу жылының жұмыс есебі

«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» моммуналдық мемлекеттік мекемесі.  Жас мамандардың  2022-2023 оқу жылының жұмыс есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі 

Кайыпназарова Салтанат Канатовнаның жылдық есебі

2022 – 2023 оқу   жылының қыркүйек айынада апталық сағат жүктемем 19 сағат   болып бекітілді.  Берілген сыныптардағы оқушылардың өз пәніме  деген  қызығушылығың арттыруды мақсат еттім. Теория жүзінде алған білімдерін практикада жүзеге асыра алуына аса назар аудардым.  2023 жылдың 24.04 – 28.04 аралығында  «Жас мамандар» апталығында «Десерт әзірлеу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Өзіме айтылған ұсыныстармен жұмыс жүргізетін боламын.

Мектепішілік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстым. Мектепшілік іс – шараларға арналған безендіру жұмыстарына өз үлесімді қостым. 

Жетістіктерім: 

  1. 2023 жылдың наурыз айы  «Таланттар жәрменкесі» сертификат 
  2. 2023 жылдың наурыз айы Есік қаласының әкімінің алғыс хаты 
  3. 2022 – 2023 оқу жылының ақпан – наурыз   айындағы «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы, «Atamura Education»  ғылыми – әдістемелік орталығының алғыс хаты 
  4. 2022 – 2023 оқу жылының сәуір   айындағы «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы, «Atamura Education»  ғылыми – әдістемелік орталығының алғыс хаты 

Оқушыларымның жетістіктері:

  1.  25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің байтақ Республикам» тақырыбында өткізілген мектепішілік байқауда 6 д сыныбында оқитын оқушым Таиров Мурад  Бас жүлде мен марапатталды. 
  2. 2023 жылдың наурыз айында өткен Республикалық «Таланттар жәрменкесінде «Шебер қаламдар» номинациясы бойынша 6 а сыныбында оқитын оқушым Нұрлан Жанел марапатталды.
  3. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Дулатқызы Жұлдыз  қатысып,   1 орын иеленді.
  4. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Мусанова Айлуна  қатысып,   1 орын иеленді.
  5. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Демидова Мария   қатысып,   1 орын иеленді.
  6. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Зырянова Ксения  қатысып,   1 орын иеленді.
  7. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Тохтыбакиев Дильмурат  қатысып,  1 орын иеленді.
  8. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Таиров Мурад  қатысып,   1 орын иеленді.
  9. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Нұрлан Жанел   қатысып,   1 орын иеленді.
  10.  «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Қойлыбек Кәусар қатысып,  1 орын иеленді.
  11. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Искак Мансур қатысып,  1 орын иеленді.
  12. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Калгул Айлун  қатысып,   1 орын иеленді.
  13.  «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Азиева София  қатысып,   1 орын иеленді.


Туминбаева Алтынай бір жыл ішінде жас маман ретінде жылдық істеген жұмыстарым бар. Бірінші яғни өз мамандығым бойынша сабақ өткіздім. Жұмыс барысында мектепішілік,аймақтық және аудан спорттық шараларға қатыстым. Жеткен жетістіктер де бар.

Оқу жылынан бастап жоспарға сай әр түрлі мектепшілік жарыстар ұйымдастырылды. Өткізілген жарыстар қыркүйек айында денсаулық күніне байланысты 5-7 сынып жүгіру және футбол ойынына қатысты. Мектепішілік тоғызқұмалақтан жарыстар өткізілді. Күзгі демалыста волейбол, баскетбол, футболдан ойын сауық із шараларын жүргіздік. 

Қыс айларында аймақтық жарыс ұлттық ойын «Бестас» Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте өткізілген болатын. Ол жерде жаттықтырған оқушылар ұлдажәне қыздар арасында 1 орынды иеленді. 

  
 

Ары қарай облыстық жарысқа өттік. Осы жақында біздің мектептің Қ.Сатпаевтың туылған күніне орай «Дойбы»(шашки) ойынан аймақтық жарыс мектеп арасынан 6-10жас, 11-13 жас, 14-17 жас аралығында өтті. Бұл жарыстарда менің жаттықтырған оқушым 4 Б сынып оқушысы Халбай Дария 1 орынды иеленді және «Үздік ойыншы» атанды. 

                                                        

24-05.05 аралығында жас мамандардың апталығы өткен. Сол апталықта әр жас маман ашық сабақ өткіздік. Менің ашық сабағым 04.05.2023 күні 2 «Б» сыныбында «Қозғалмалы ойындар» тақырыбында өтілді. 

  



















«Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахымжан Жауһар

2022-2023 оқу жылындағы жүргізген жұмыс есебі:


«Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас маманы Рахымжан Жауһар, 2022-2023 оқу жылында жас маман ретінде бір қатар жұмыс атқара білдім деп білемін. Оқу жылының басында мектебімізде «Асылтас» дебат фракциясын құрып, құрылған дебаттық фракцияның жетекшісі болып тағайындалдым.Бастапқыда дебаттық клуб құрамын 10 оқушымен бастап, оқу жылының соңына дейін бұл тізімді 25 оқушыға дейін арттырдық. Жаңа оқу жылының бастамасында ең алғашқы аймақтық турнир өткізген алдыңғы қатарлы мектеп бола білдік. Ең алғашқы жетістігіміз: аймақтық «Қазақ тілі бұрын, бүгін, ертең» турнирінда 2-орын иелендік. Осы жеңіс қатары аймақтық «Жаңа Қазақстан жастары» турнирінда 3-орын (16мектеп арасында); аймақтық орыс лигасында 2-орын, Аудандық турнирда орыс лигасы 1-орынды иеленді. «Біз – Тәуелсіз елміз» атты 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ұйымтастырылған пірікірсайыста 3-орынды қанжығамызға байладық. Геолог-ғалым Қаныш Сатпаевтің туған күніне орай ұйымдастырылған аймақтық пікірсайыста жүлделі 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, Есік өңірі арасында ұйымдастырылған кезекті шеберлік алмасу ойыннында 3-орынға ие болды. Дәстүрлі «Райымбек батыр атындағы айлық» аясында ұйымдастырылған «Мәңгілік ел алыбы-Райымбек батыр» атты аудандық пікірсайыс турнирінде 32 фракция арасында жас пікірсайысшыларымыз 1\4 финалға дейін өнер көрсеттіп, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. 

Жас мұғалім Рахымжан Жауһар, 31.01-06.02.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігі апталығында және 24.04-10.05.2023 жылы «Жас мамандар» он күндігінде ашық сабақ және сыныптан тыс бір іс-шара ұйымдастырдым. Әдістемелік бірлестік апталығы мен «жас мамандар» он күндігінде жас маман ретінде өзім жіберген олқылықтарды болашақта түзетуге, әрі мұғалім ретінде өзімнің оң бүйіріме келер тұстарымды аңғара отырып, өзімнен тәжірибесі жоғары мұғалімдер мен жас әріптестерімнен мұғалімдік шыңға жетер пікір ести білдім. 

Сынып жетекші қызметінде 5 «Б» сыныбына оқу жылының екінші тоқсанында сынып жетекші болып тағайындалдым. 5 «Б» сыныбы Жайдарман ойындарында белсенді болып көрермен көзайым болды. Сонымен қатар, фудболдық мектепшілік лигаларда бой көрсетіп, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде пән мұғалімдеріне концерттік бағдарлама қойды. Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай ұйымдастырылған саптық шеруде 5-сыныптар арасында жүлделі 1-орынды иеленді. Бір қатар сынып белсенділері «Жайдарман» ойындарында, Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің кубогтық лигасында бой көрсетіп, жүделі 2-орынмен қоса 50000 ақшалай сыйлықты қанжығаларына байлады.

2022-2023 оқу жылын бір қатар, ауыз толтырарлықтай жетістістіктермен табысты аяқтай білдік деп сенемін. Алдағы оқу жылдарында биыл жіберген олқы тұстарымды баса назарға алып, жетістіктерім қатарын әлі толықтырамын деген үміттемін.   


Садуллаевой Гульбадан Ахметовны

за 2022-2023 учебный год


В начале 2022-2023 года мною был составлен самообразовательный план, в котором было запланировано проведение открытых уроков, классных часов, внеклассных мероприятий и т.д. 

В 2022-2023 году мне представилось вести уроки русского языка в 2, 4, 5, 6классах. А также классное руководство 6 “Д” класса. Заранее были составлены долгосрочное, краткосрочное, календарное, поурочное планирование учебных планов на год с внедрением новых технологий образования.



 

25 октября 2022 года был проведен классный час в 6 «Д» классе Ко дню Республики по теме «Қазақстан – туған жерім, туған елім. Урок начался с гимна, дети читали стихотворения о Родине, выполнили различные задания.





 











14.11–18.11.22 декада русского языка и литературы.


 18 ноября 2022 года я провела открытый урок в 5 «А» классе по теме «Дружба – это дар». Детям урок очень понравился: они выполняли интересные задания, работали в группах т индивидуально, рассказывали о своих друзьях. 


13 октября 2022 года в школе состоялся осенний бал. Наш класс участвовали в конкурсе и получили номинацию «Лучший видеоролик». 

13 декабря 2022 года провела классный час в 6 «Д» классе ко дню Независимости Казахстана по теме «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі күні». На уроке дети поделились на группы по названиям главных городов Казахстана и соревновались, решая различные задачи. А так же награждали детей, которых участвовали на различных олимпиадах.







 

Перед новым Годом мы с детьми решили преобразить наш кабинет. Дети сделали от руки игрушки во время урока художественного труда, повесили гирлянды. 

Накануне Нового года мы с классом так же устроили «Цветную вечеринку». Дети веселились, читали стихи о дружбе, и пели песни.



 

24.04–28.04.2023 декада молодых специалистов.


 27 апреля 2023 года мною был проведен открытый урок по теме «Какая бывает погода весной?» во 2 классе. Урок был познавательным. Дети узнали многое о погоде: признаки хорошей и плохой погоды, узнали о том, какая бывает погода весной. 





 Ещё один интересный урок провели в 5 «Б» классе. В этом уроке дети познакомились произведением удивительного писателя-фантаста Н. Н. Носова «Фантазёры». Мы с детьми посмотрели мультфильмы, читали текст по ролям, работали в группах соревнуясь между собой. Они рассказывали друг другу рассказы Н. Носова, которые читали сами. 

 

5 мая 2023 года наш класс участвовал в смотре строя, посвященной ко Дню Победы и были награждены грамотой за участие. 

22 апреля 2023 года администрацией школы была организована поездка  город. Дети посмотрели фильм, поели  и гуляли в парке, сходили в зоопарк. Они отлично провели свои выходные.

Молодой специалист: Садуллаева Г. А. 








 

«Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсын Жаннаның

2022-2023 оқу жылындағы жүргізген жұмыс есебі:


Мен, Тұрсын Жанна Ерғалиқызы,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі еңбек өтілім аталған пән бойынша 1 жыл.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен әдеби танымдық кеште менің жетекшілігіммен 5-сынып оқушылары Арыстанбек Шынар, Айдынұлы Мирас, Бейсембек Нұрым, Кутбанбаева Тұрымтай, Серікбай Аасанәлі, Талғатқызы Әмина  А. Байтұрсынұлының «Қарға мен түлкі», «Өгіз бен бақа» мысалдарын сахналады.

6 қазанда «Мектебімізде жас мұғалімдердің дамуына мүмкіндік бар ма?» тақырыбында өткен жас мұғалімдер арасындағы мектепшілік дебатқа қатыстым. Біздің палата «Мектебіміздегі жас мұғалімдердің даму жолында мүмкіндіктер жоқ деп есептейді» бағытын ұстанды.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің он күндігінде 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс іс- шара өткіздім. Іс- шараның мақсаты: Оқушыларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру болып табылады. Апталықта 5«А» сыныбында «Жол жүру ережелері қашан пайда болды?» тақырыбында ашық сабақ өттім. Апталықтың жабылуында мұзбалақ ақын М. Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен « Соғады жүрек» атты әдеби кеш өтті. Кеште 5 А сынып оқушылары Айдынұлы Мирас пен Тұрар Асия «Саржайлау» әнін шырқады. 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022-2023 оқу жылында оқушылар түрлі көркем шығармалар оқып, әдеби азық алды. Жоспарға сай сәуір айында  5 «А», 5 «Б» сыныптары қазақ балалар әдебиетінің   шоқжұлдызы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа», әлем балалар әдебиетің інжу маржаны М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» повестін сахналады. Мақсаты: Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. Әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани жан - дүниесін байыту.

Оқу жылының соңында өткен жас мамандар апталығында 5 «Б» сыныбымен «Саяхат- таным бастауы» тақырыбында ашық сабақ өттім. Апталықтың жабылуына орай ұйымдастырылған сабақта «Мәтін эстафетасы» әдісімен сабақтың ортасын жүргіздім.

«Ұлы дала баласы» атты ұлттық білім сайысының облыстық кезеңінде 5-сынып оқушылары Байырбек Жанару, Лебизджан Іңкәр, Серікбай Асанали, Тұрар Асия І орынға ие болды. Дәл осы  олимпиаданың Республикалық кезеңінде Байырбек Жанару, Лебизджан Іңкәр, Тұрар Асия  І орын алды.

«Абырой» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Респебликалық «Ілияс оқулары» байқауына 5 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Шынар қатысып, жүлдел ІІ орынға ие болды.

«Мағжан әлемі» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айындағы «Мағжан оқулары» конкусына «Толқынмен толқын сырласып...» бағыты бойынша қатысып, Серікбай Асаналі Бас жүлде, Болат Эльнара, Берік Ақжан І орын, Нұрдәулет Нуриддин ІІ орын алды. Осы сайыста Айдынұлы Мирас «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша бақ сынап, Бас жүлдені иеленді.

Ақберен республикалық танымдық- шығармашылық журналы ұйымдастырған қаңтар-ақпан айларындағы Республикалық «Абай оқулары» конкурсына қатысып, Бейсембек Нұрым, Кутбанбаева Тұрымтай, Жаңабек Балнұр, Лебизджан Іңкәр, Сағымбек Әбілмансұр, Сисенбай Алтынай, Тұрар Әсия жүлделі ІІ орын алды.

Мұрагер республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының қаңтар- ақпан айларындағы «Абайтану» олимпиадасына «Абай бейнесі» номинациясы бойынша қатысып, Нұрдәулет Нұриддин Бас жүлде, Әрипбай Мейрамбек, Берік Ақжан, Болат Эльнара І орын алды. Осы олимпиадаға Айдынұлы Мирас «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша қатысып, Бас жүлдені иеленсе, Темірбай Айжұлдыз  (Абай атамызға арнау жазып) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша Бас жүлдеге қол жеткізді.

«Мағжан әлемі» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айындағы «Мағжан оқулары» конкусына өз шәкірттерімді қатыстырып Құрмет грамотасына ие болдым.

Абырой» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Респебликалық «Ілияс оқулары» байқауына оқушы қатыстырып, Алғыс хат алдым.

Мұрагер республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының қаңтар- ақпан айларындағы «Абайтану» олимпиадасына шәкірттерімді қатыстырып, Алғыс хат алдым.

Ақберен республикалық танымдық- шығармашылық журналы ұйымдастырған қаңтар-ақпан айларындағы Республикалық «Абай оқулары» конкурсына оқушыларымды қатыстырып, Құрмет грамотасымен марапатталдым.














«Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ

Математика пәні мұғалімі Кулбаев Қайраттың 

2022-2023 оқу жылындағы жүргізген жұмыс есебі:


«Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас маманы Кулбаев Қайрат, 2022-2023 оқу жылында жас маман ретінде бір қатар жұмыс атқара білдім деп білемін. 

Жас мұғалім Кулбаев Қайрат, 10.10-18.10.2022 жылы Математика, информатика, физика әдістемелік бірлестігі апталығында және 24.04-10.05.2023 жылы «Жас мамандар» он күндігінде ашық сабақ және сыныптан тыс бір іс-шара ұйымдастырдым. 6 «В» сыныбымен 13.10.2022 жылы «Бүтін сандар, рационал сандар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында цифрлық технологияны шебер қолданып, әдістерді сабақпен байланыстыра отырып сабақ өтілді. 5-6 сыныптар арасында «Ғылымға құштар жас өрен» интеллектуалдық ойын өткіздім. Интеллектуалды ойын барысында 5-6 сынып оқушылары интеллекті даму дағдыларын осы жарыста көрсете білді.  Жас мамандар он күндігінде 8 «В» сыныбымен «Те» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ барысында жаңа сабақ пысықталып, жаңа әдістерді қолдана білдім. Сонымен қатар, сабақ барысында цифрлық технологияны және оқу қолында бар ақпарат құралдарды қолдана білдік. Әдістемелік бірлестік апталығы мен «жас мамандар» он күндігінде жас маман ретінде өзім жіберген олқылықтарды болашақта түзетуге, әрі мұғалім ретінде өзімнің оң бүйіріме келер тұстарымды аңғара отырып, өзімнен тәжірибесі жоғары мұғалімдер мен жас әріптестерімнен мұғалімдік шыңға жетер пікір ести білдім. 

Оқу жылында бір қатар семинарлар мен математикалық ашық есік күнідеріне қатыстым. Атап айтқанда: қазан айында Іле аудын, Қоянқұс ауылына математиктер семинарында бой көрсетіп, «Р. Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен «Рақымжан Тоқатаевтің 100 жылдық» мерейтойынна арналған жас математиктер сайысында 8 «Б» сынып оқушысы Қалбай Аружан жүлделі 2-орын иеленген сайынта, жас метематикке жетекшілік еттім. Наурыз айында Ресей мемлекетінен келген консулдарға дәстүрлі ұйымдастырылған «Таланттар   жәрменкесі-2023 жыл» өнер мен технологияны дамытушы жас таланттар арасынан марапатқа ие болдым.

2022-2023 оқу жылын бір қатар, ауыз толтырарлықтай жетістістіктермен табысты аяқтай білдік деп сенемін. Алдағы оқу жылдарында биыл жіберген олқы тұстарымды баса назарға алып, жетістіктерім қатарын әлі толықтырамын деген үміттемін.    


Барлыбекова Назерке Маратқызының жылдық жұмыстарының есебі.

«Оқу- тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арұылы жан-жақты дамыған, сауаты да білімді жеке тұлғаны қалыптастыру» мақсатымен жұмыс жасаймын. Оқу жылының басында тәлімгерім тағайындалды Смагулова Әсем. Жылдық жоспар құрып, сол бойынша жұмыс жасап отырдым. Сыныппен жұмыс жүргізуді және сынып журналының талаптары мен танысып,  күнделікті дұрыс толтыруды үйрендім.

Жас маман ретінде өз тәлімгерім мен үнемі қарым- қатынас жасап отырдым. Бос уақытымда тәлімгерімнің және де тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырдым. Қазақ тілі пәнінен  тәлімгерімнің 9 «Е» сынбындағы Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері», «Тарихы тамырлас елдер» атты сабақтарына қатыстым. Сабақты қызықтыра өтуді, түрлі қызықты көрнекіліктерді жасауға тәлімгерім бағыт бағдар беріп отырды. Мектепте болып жатқан ашық сабақтарға, семинарларға, конференцияларға уақытында қатысып отырдым. Интернеттен түрлі сабақтарға материалдар алдым.

 «Жас мамандар » онкүндігінде 7 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен  Мұхтар Шахановтың  «Нарынқұм зауалы» балладасы бойынша ашық сабақ өттім. Сонымен қатар «Қазақстан   халықтарының тілдер күні» атты  ашық тәрбие сағат өткіздім және 7 «Б», 6 «А», 8 «В» сыныптарымен бірлесе отырып, «Қонаев – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатын өткіздік. Тілдер мерекесінде 6 «В» сыныбының оқушылары өлеңдер оқыды.Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша  7 «Б» сыныбы «Батыр Баян» поэмасы бойынша сахналық қойылым қойды.  М. Шахановпен кездесуде 6 «В» сынып оқушысы Атбай Алтынбек автордың алдында  өлең мәнерлеп сахнада оқыды. Оқуышыларымды әр дайым жарыстарға және олимпиадаларға қатыстырып отырдым. Олар:

Халықаралық «Өрлеу  - өркендеу»ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткен «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» атты ғылыми жоба байқауында Сыдық Балғынбек І орын иеленді.

Мұрагер» республикалық  журналының ұйымдастыруымен өткен  2022-2023 оқу жылының қаңтар – ақпан айларындағы «Абайтану» олимпиядасында конкурсына қатысып,жүлделі 1орынға ие болғаны үшін Айтбай Алтынбек марапатталды және Бақытбек Алихан, Арипбай Мейірлан, Бейсенбаева Тоғжан 2 орын, Жұмамұрат Аян, Искак Мансұр 3 орын, «Абай бейнесі» номинациясына қатысып Уразбек Сырым бас жүлдені иеленді.

«Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Республика көлемінде «Зейінді бала» балалар журналының ұйымдастыруымен өткен «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты байқауында І дәрежелі диплом иеленді.

 «Мағжан әлемі» республикалық журналы ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айындағы «Мағжан оқулары» конкурсына « Өлең – менің Шолпаным,Айым,Күнім» бағыты бойынша 2 орын Әділбай Аруай маратталды, Толибай Кәусар бас жүлде, Садвакас Аяжан, Кадырова Анеля 1 орын.

« Балалар жылы аясында « Оқуға құштар ұлт» жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз»марафонында электронды кітап оқу үдерісін  қалыптастыруға , дамытуға үлес қосқаны Қали Алихан, Қабдул Азалия,Нұрлыбекқызы Аяулым, Тулибайұлы Нұрбек сертификатпен марапатталды.

Жас маман болғадықтан жан-жақты болу керек, 2022-2023 оқу жылындағы марапаттарым.

  1. 1. «Мұрагер» республикалық  журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының қаңтар – ақпан айларындағы «Абайтану» олимпиядасында «Өлең сөздің патшасы , сөз сарасы» наминациясы шәкірт бойындағы дарынды шындауға ат салысып, білім саласына қосқан үлесі үшін Барлыбекова Назерке Маратқызы марапатталды. Алғыс хат.

2. «Мағжан әлемі» республикалық журналының ұйымдастырылуымен өткен 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айындағы  «Мағжан оқулары» конкурсына шәкірт бойындағы дарынды шындауға ат салысып, білім саласына қосқан үлесі үшін Барлыбекова Назерке Маратқызына құрмет грамотасы   және алғыс хат.

3. «Ұлы дала баласы Республикалық» пәндік білім сайысынан алғыс хат және құрмет грамотасы.

4. Халықаралық «Өрлеу   - өркендеу»ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Парасатты педагог» атты байқауында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат.

Жас маман болғандықтан қоғамдық жұмыстарға, мерекелерге белсене қатыстым. Ата-аналар мен қарым- қатынаста болып жоспарланған ата- аналар жиналыстарын өткізіліп, хаттама жазылып отырды. Сабақтан қалып жүрген оқушыларға жеке қосымша сабақ беріп отырдым. Болашақта аға ұстаздардың ізін басушы, жаңа заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімімді жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын, жаңа технологиялардың қыр - сырын меңгеріп аша алатын жас маманның бірі болуға тырысамын.


«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылындағы ағылшын тілі пәні

Мұғалімі жас маман Амангельды Мадинаның

Жылдык есебі


   2022-2023 оқу жылында мен Амангельды Мадина Абылайқызы 2 «Б», 3 «А», 3 «Б», 3 «В», 3 «Г», 4 «А», 4 «Б», 4 «В» , 4 «Г», 4 «Д» сыныптарында ағылшын тілі пәнінен сабақ өткізді. .  


2022-2023 оқу жылында келесідей жетістіктері бар:

  1. Амангельды Мадина «UmtylAcademy” орталығымен «Тағылым» Республикалық ақпараттық-ғылыми әдістемелік журналының қолдауымен өткізілген «Ustazpro” вебинарына қатысқаны үшін сертификат берілді
  2. «Ұлы дала баласы» олимпиадасында Амангельды Мадинаның оқушылары 3 «Б» Ержан Мирас, Дәулетбақ Нұрали, 2 «Б» сынып Болатханқызы Аяна, 3 оқушы да 2ші турдан өтіп 1ші орын иеленді
  3. Амангельды Мадина “Reading for pleasure” атты ағылшын тілі мұғалімдері арасындағы аудандық жарыстан “Best reader” номинациясына ие болды
  4. Амангельды Мадина ағылшын тілі пәнінен 4 «А» сыныбымен “Help the planet” тақырыбында ашыщ сабақ өткізді
  5. Амангельды Мадина ағылшын тілі пәнінен 4 «Б» сыныбымен “Fast machines” тақырыбында ашық сабақ өткізд


 Амангельды Мадина 4 А сыныбымен «Help the planet” тақырыбында алғашқы ашық сабағын өткізді.  Оқушыдарды сабақтың мақсатына жетуге бейімдеді. Мәтінмен техникалық құралдар қолдану жұмыстары жүзеге асырылды. Оқушыларды шабыттандыру мақсатында әр білім алушыға “Motivational lamp” стикерлері таратылды. Үй тапсырмасы «Potato chips(картошка фри)» әдісі арқылы тексерілді.  Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау тиімділігі, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді. Сабақта топтық жұмыс болды. Балалар топта белсене жұмыс жасады.Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Әр тапсырма қызықты әдіс-тәсілдер арқылы орындалып оқушылардың сабаққа қызығушылығы барған сайын артты. Сабақ соңында рефлексия өткізді.Бағалау стикерлер арқылы болды. Жалпы мақсатқа 70%дай жете білді.



Амангельды Мадина Абылайкызы 4 Б сыныбында «Fast machines» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушыларды сабақтың негізгі практикалық мақсаттарына жетуге бейімдеді, жаңа тілдік материалмен жұмысқа дайындады.Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындауқабілеті,оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді.


   Амангельды Мадина сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.Мұғалім сабақ барысында «Kahoot» платформасын қолданды. Мұғалім сабақта сергіту сәтін өткізді. Сабақта оқушылар жеке жұмыс жұптық жұмыс, топтық жұмыс жасады.Оқушылар сабақта әр тапсырманы орындап, белсене қатысып отырды.Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Яғни, әр тапсырмаға бағалау ретінде «Stars»әдісін қолданды. Бұл бағалау әдісі оқушылардың мотивациясын көтеруге көмегін тигізді. Сабақ басталмастан бұрын Мұғалім балаларға «Мотивациялық лампа» таратып олардың көңіл күйін көтерді. Мұғалім «Банка» әдісі арқылы балаларға грамматикалық тапсырмалар орындатты. «Сәйкестендіру» арқылы жаңа сөздер таныстырылып жаттатқызды. Сабақты қорытындылау “Kahoot!” платформасы арқылы болды. Рефлексияда «Телефон» әдісі арқылы балалардың сабақ жайлы тапсырмалар жайлы кері байланысын білді, әрі мақсатқа қаншалықты жеткенінде білді.



Похожие публикации:

25 февраль 2022 Ақпарат
25 февраль 2022 Байқау.