18
март
2026
«Таза Қазақстан» эко-челленджі туралы
«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8–9 сынып оқушылары арасында «Таза Қазақстан» атты эко-челлендж ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараны биология пәнінің мұғалімі Крениг Е.В. өткізді.
Эко-челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңызын түсіндіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Сонымен қатар жас ұрпақты табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу көзделді.