«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбындағы сынып сағаты » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбындағы сынып сағаты
08
апрель
2026

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбындағы сынып сағаты

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбындағы сынып сағаты туралы

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп КММ-де 2026 жылдың 8 сәуір күні 11 «Б» сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі Салыбаева К.Ж. ұйымдастырып, жүргізді.

Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру және ел болашағына деген саналы көзқарасын дамыту болды. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы және мемлекет дамуындағы маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру көзделді.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы екендігі түсіндіріліп, оның қоғам өміріндегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Жаңа Конституцияда көрсетілген адам құқықтары мен бостандықтары, білім алу құқығы, заң алдындағы теңдік және азаматтардың міндеттері туралы мәліметтер талқыланды. Оқушылар Конституцияның елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы маңызына ерекше назар аударды.