«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,
03
декабрь
2023

«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,

«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенін ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Еңбекшіқазақ АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Балабеков Қ.О. Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полиция инспекторы Молжігітов Қ. кездесу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.