2022-2023 оқу жылына арналған педагог – ұйымдастырушының І жарты жылдық есебі. » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылына арналған педагог – ұйымдастырушының І жарты жылдық есебі.
16
июль
2023

2022-2023 оқу жылына арналған педагог – ұйымдастырушының І жарты жылдық есебі.


«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп»

коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  бойынша

2022-2023    оқу  жылына  арналған   педагог – ұйымдастырушының

 І жарты жылдық есебі.


Мектепте І жарты жылдық бойынша жалпы 1337 оқушы бар. Оның ішінде     1 ауысымда: 667 оқушы. 2 ауысымда: 674 оқушы оқиды.  2022 – 2023 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы жайлы мәлімет. 

Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылаудың негізгі мақсаты: 1 – 11 сынып оқушыларының сабаққа қатысу деңгейін, оқу сабақтарын көп босататын оқушыларды және сабақты босату себептерін анықтау. 


Оқушылардың оқу сабақтарына қатысу деңгейін күн сайын бақылау. 

Оқушының сабақ қалдыруы сол күні жұмысты толыққанды орындауына ғана кедергі болып қоймайды, сонымен қатар ол оқушы сабақтан, яғни оқу бағдарламасынан қалып қояды, келесі сабақты түсінбегендіктен барлық оқушымен қатар деңгейде жұмыс жасай алмайды. Сондықтан барлық оқушы сабақтан қалмай өзінің мектеп тәртібіне қатысты міндеттерін бұлжытпай орындап отыруы керек. Бұл бүгінгі күнгі барлық оқушының алдына қойылатын басты талаптардың бірі.

Сол себепті, Қ. Сатпаев атындағы орта мектепте оқушылардың сабаққа қатысуы қатаң қадағалауға алынған. Бұл жұмыстың жүйелі болуы үшін, мектеп бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау журналы жүргізіледі. Бұл журналда оқушылардың қандай күндері сабақта болмағаны мен оның қалдырған себебі белгіленеді. Әр сынып жетекші күнбе күн осы журналды толтырып, жоқ оқушыларды белгілеп, әрі қарай өз тарапынан ата-анамен, оқушымен жұмыс жасап отырады.

1 жарты жылдықтың қорытынды есебі бойынша, мектебімізде оқу сабақтарын, әр түрлі себептермен яғни денсаулығына байланысты, жарысқа қатысу, отбасылық жағдайға байланысты т.б. себептер бойынша сабақты босатқан оқушылар саны. Атап айтқанда:

1 тоқсан бойынша:

Қыркүйек айында: 395 оқушы 

Қазан айында: 214 оқушы

2 тоқсан бойынша:

Қараша айында: 332 оқушы

Желтоқсан айында: 384 оқушы сабақтан қалған.

1 жарты жылдық бойынша сабақтан көп қалған сыныптар. 

Атап айтқанда: 8 а,в,е; 9 а,в,б  6 в,д,е; 7 б,в д;  11 е

1 жылдықтың қорытынды есебі бойынша, мектебімізде оқу сабақтарын, әр түрлі себептермен яғни денсаулығына байланысты, жарысқа қатысу, отбасылық жағдайға байланысты т.б. себептер бойынша сабақты босатқан оқушылар саны. Атап айтқанда:

3 тоқсан бойынша:

Қаңтар айында: 369 оқушы 

Ақпан айында:265

Наурыз айында: 334

4 тоқсан бойынша:

Сәуір айында: 167

Мамыр айында 140

1 жылдық бойынша сабақтан көп қалған сыныптар. 

Атап айтқанда:5 а,е; 6 в,д,е7 д, 8 а,е; 9 а,в,б  11 е

Қорытынды: 1 жарты жылдық бойынша оқушылардың оқу сабақтарына қатысуы орташа деңгейде. Сабақты себепсіз жиі босатқан оқушылармен ДТІЖО және сынып жетекшілерімен біріге отырып арнайы шара қолданылды. 

Ұсыныс: Сынып жетекшілері оқыушылардың сабақтан көп қалмауын, форма киуін шаш үлгісін  жіті қадағалау керек. 

Сонымен қатар Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша әр түрлі мерекелік іс-шаралар, жиындар, кездесулер ұйымдастырылды. 

Атап айтқанда:

08.09.2022 ж. Мектеп парламентінің жаңа құрамымен алғашқы кеңес өткізіліп, кеңес соңында жаңа оқу жылына жоспар құрылды. 

29.09.2022 ж. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

13.10.2022 ж. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» мерекелік іс-шара өткізілді 

15.10.2022 ж. Мектеп парламентінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, өткен іс-шаралар бойынша қорытынды жасалып, мектеп парламентімен 8-10 сынып старосталарына ҚР 25 – қазан Республика күніне   орай өткізілетін байқаулар мен іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді

09.11.2022 ж. Мектеп парламентінің үшінші жиыны өткізіліп, парламент мүшелеріне 2 тоқсанда өткізілетін іс-шаралар бойынша тапсырма берілді.

09.11.2022 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мектеп парламенттері Қонаев қаласында өткен «Кемел келешектің жас көшбасшылары» атты обылыстық ашық алаңда.Мектеп президенті Жасталап Аманай және ақпарат баспасөз фракциясының жетекшісі Турашова Азалия болып қайтты

15.11.2022 ж. Ұлттық валюта күніне орай 8 – 10 сыныптар арасында «Ең үздік репортаж» атты видео сайыс өткізілді.

25.11.2022 ж. Мектебіміздің жайдарман командасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «Жасыл ел-2022» атты көңілді жастаркубогіне арналған жайдарман ойына қатысты.

05.12.2022 ж. Мектеп парламентінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, өткен іс-шаралар бойынша қорытынды жасалып, мектеп парламентімен 8-10 сынып старосталарына ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай өткізілетін байқаулар мен іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді.

15.12.2022 ж. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» «Жас қыран» 3-5 сыныптар қабылданды.

22.12.2022 ж.“Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ-де тоғызқұмалақтан мектеп аралық жарыс өткізілді.

23.12.2023 ж1 «А,Б,В» сыныбында “Мың алғыс, саған Әліппе” атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты кешті сынып жетекшілері Кулубекова Динара Ажханқызы, Аубакирова Елмира Ниязовна, Рысбаева. С.Н ұйымдастырды.

24.12.2022ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 4 сыныптар арасында “Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ”сайысы өтті.

11.01.2023ж. Қаңтар айының 11-і күні 5-7 сынып оқушыларының және 9-10 сынып оқушыларының арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу және жолда жүру»туралы дәріс өткізіліп жасөспірімдердің жолда жүру ережелері және жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік жұмыстары және қалта ұрлығы , үшкір және ұшты заттарды әкелмеу туралы сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.

11.01.2023ж. Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханасында “Ең үздік оқырман” атты байқау жариялады.

20.01.2023ж. Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалды.

20.01.2023ж. “Саналы ұрпақ-ұлт болашағы” дәл осы тақырыпта мектебімізде дебат ойыны өтті. Қызығы мен тартысқа толы болған бұл шара 9мектеп арасында өтті.

1-орын. Рахат 1 мектебі “Нар-Тәуекел” фракциясы
 2-орын. Райымбек батыр мектебі “Жасstar” фракциясы
 3-орын. Қ. Сатпаев мектебі “Асылтас” фракциясы

22.01.2023ж. “Адал ұрпақ ерікті мектеп клубы”
 жемқорлыққа қарсымыз атты эстафетаны В.Терешкова мектебінен қабылдап, Райымбек батыр мектебіне жолдадық.

22.01.2023ж. “Мектеп лигасы” аясында 5-6 сыныптар ұлдар мен қыздар арасындағы аймақтық жарысында Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектебінде өткен ұлттық ойын “Бес тас” ойынынан “Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі”1 орынды иеленді.
 Жатықтырушы:Туминбаева А.А

28.01.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ АКТ залында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог- ұйымдастырушының басқаруымен " MISS SATPAEV- 2023" байқауы ұйымдастырылды.

06.02.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ- де жоспарға сәйкес “Цифрлы ұстаз” байқауы өткізілді. Биылғы оқу жылынан бастап бұл байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын болды.

10.02.2023ж. Мектебімізде қазақтың ақиық ақыны,қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туылған күн мерекесіне орай,салтанатты жиын ұйымдастырылды.

14.02.2023ж. Мұзбалақ ақын, қазақ әдебиетінің ақиығы Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай өткізілген “Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің” кеші.

20.02.2023ж. 1-наурыз Алғыс айту күніне орай 13 ақпан - 1 наурыз аралығында “Мектеп Парламенті” өзін - өзі басқару ұйымдарының арасында өтетін “Алтын жүрек» республикалық челленджге шақырамыз және қатысамыз.

24.02.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Үздік сынып жетекші-2023” байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: Білім беру ұйымындағы тәрбиенің рөлін арттыру,тәрбие үдерісін жетілдіру. Байқауға қойылған талаптар бойынша 2-10 сынып жетекшілері қатысып,нәтижесінде
 9”А” сынып жетекшісі Кожамбердина Айгерім Акраевна бас жүлдені жеңіп алды
.

26.02.2023ж. «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында 2023 жылдың 24 ақпан күні 7”Б”-сынып оқушыларымен Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша сахналық қойылым қойылды. Жетекшісі: Барлыбекова Назерке Маратқызы

01.03.2023ж. Көктем айының алғашқы күні - бірінші наурызда «Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын 8»А» сынып оқушылары сахналады.

01.03.2023ж. “Таланттар жәрмеңкесі -2023” Жас мобилограф Жас тілші номинациясы бойынша жасаған жұмысы.

01.03.2023ж. 2023 жылғы 2 наурызда Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданының” Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп КММ “ Алматы қаласындағы Росынтамақтастық өкілдігімен бірлесіп “Таланттар жәрмеңкесі – 2023”өтті.
 “Таланттар жәрмеңкесі – 23” ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің 225 жылдығы қарсаңында өткізілді.
 Таланттар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты-қабілетті және талантты балаларды қолдау.
 Таланттар жәрмеңкесі 2014 жылы басталды (оның ұйымдастырушы-Амарова Дамира Вазировна), оған 55 оқушы қатысты, 9 жылдан кейін таланттар жәрмеңкесіне-2023 іріктеу турларына 612-ден астам оқушы қатысты.
 Фестивальге 63 лауреат қатысты, оның ішінде Еңбекшіқазақ аудандық серіктес-мектептер Терешкова о.м, Рахат 1 о.м, Майлин о.м, Азат о.м, және Есік гуманитарлық – экономикалық колледж және «Азия – Арт» музыкалық мектеп.Жоба қарқын алып, шеңберін кеңейтуде. 2023 жылғы таланттар жәрмеңкесінде Қызылорда облысының өкілдері – 12 лауреат өнер көрсетті. Сырттай қатысуға Түркістан облысы-Шымкент қаласы қатысты. Ең жас қатысушылар Қаракемер ауылындағы “Айлана” бөбекжайының тәрбиеленушілері болды.
 2022 жылдан бастап Ұйымдастырушы Алматыдағы Росынтымақтастық өкілдігі болып табылады, олар 2023 жылғы таланттар жәрмеңкесінің әрбір қатысушысына сыйлықтар табыс етті: кітап және Тула пряниктері, барлық қатысушы мектептерге мәдени – ағартушылық және әдістемелік әдебиеттер берілді.
 Таланттар жәрмеңкесі барлық балаларға өздерін ашуға көмектессін және өзінің талантының көмегімен білімін арттыру.

05.03.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 3 наурызында Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігінің жабылуы өтті. Жабылу салтанатына 5,6,7 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 8 “А” сынып оқушылары “Күлшеқыз” ертегісінің ағылшын тілінде қойылымын қойды. Сонымен қатар, ЕГЭК-тен арнайы шақырылған студенттер “Аладдин” ертегісін сахналады.

07.03.2023ж. «Адамзаттың асылы – Ана деген» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

14.03.2023ж. Адал ұрпақ пен мектепке жол акциясын ұштастыра отырып, мектебімізде адалдық бұрышы тұрғызылды. 

18.03.2023ж. «Наурыз нақыштары: ұлы дала – ұлық күн» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

29.03.2023ж.«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.03.2023 жылы 8 – 10 сыныптар арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологы және Еңбекшіқазақ ПБ ЮПТ инспекторы аға лейтенант Пулик Регина Александровнаның қатысуымен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқылды.

05.04.2023ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 «А», 5 «Б» сыныптары қазақ балалар әдебиетінің шоқжұлдызы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа», әлем балалар әдебиетінің інжу маржаны М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» повестін сахналады. 

12.04.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12 сәуір Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған, салтанатты жиын өткізілді.

13.04.2023ж. “Қ.Сатпаав атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қ.Сәтбаевтың туылған күніне орай аудандық “Дойбы” ойыны мектепте өткізілді.Ауданның мектептерінен Қ.Сатпаев,Райымбек батыр және В.Терешкова мектептері қатысты.Жарыс 6-10 жас,11-13 жас,14-17 жас аралығында өтті.

14.04.2023ж. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің туған күніне орай аудандық дебат ойыны ұйымдастырылды. Ғылым мен техниканың, қоғамның табиғатпен үндесе дамуына бағытталған қарарлар ортаға тасталды. Дебат ойынының нәтижесі:
 1-орын: Қ. Сатпаев а.о.м “Асылтас” фракциясы
 2-орын: Райымбек батыр а.о.м “Терең дем ал” фракциясы
 3-орын: О. Жандосов а.о.м “Озат” фракциясы

16.04.2023ж. Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың құрметіне ғылыми жоба мен олимпияда сайыстары өткізілді. Аудандық байқауға әр мектептен жаратылыстану пәндерінен (химия, биология, геграфия) бір оқушы қатысты. Байқау қорытындысы қазылар алқасының бірігуімен бірден шықты. Аудан көлемінде ұйымдастырылған сайысқа бірқатар мектептер білсене қатысып, ғылым мен білімді қатар дамытуға өз үлестерін қоса білді.

21.04.2023ж.“Оқуға құштар мектеп “ жобасы аясында 9-сыныптар арасында Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” шығармасын оқып,қыз тағдырын талқыға салып,қазіргі өмірмен байланыстырды.Сонымен қатар осы шығармаға ұқсас әлем әдебиетіне шолу жасады,салыстырды,ұқсастық ерекшеліктерін талдады,іс-шара мазмұны-дөңгелек үстел түрінде өтті,балалар кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез ерекшеліктеріне сипаттама берді,қыз тағдыры,қыз жолын қызу талқыға түсіріп,ойларын ортаға салды.
 Жетекшісі:Ашиманова Д.С.

22.04.2023ж. Қ. Сатпаев мектебінің жас шәкірттері оқумен қатар сергігу де уақыт табу керек екенін тағы бір дәлелдеді. Ең бастысы ата-аналарының қолдау мен ұстаздарының ұйымдастырумен сейіл құрып қайтты.

24.04.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” кітапханасында 23 сәуір-Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай 4 Б,В сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап-білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы» атты танымдық сағат өтті. Мектеп кітапханашысы Жумабаева Г.Н.

25.04.2023ж. “Оқуға құштар мектеп” жобасының мақсаты оқырмандардың кітап оқуына басшылық жасау, қызығушылықтарын ояту, қазақ ақын,жазушыларының өлең шумақтарын мәнерлеп оқу арқылы оқырманның бойына рухани құндылықтарды ұялату. 3 сыныптар арасында ақындар өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқу дағдылыры артты.
 Жетекшілері:ЖабыковаГ.Т. Қамзабек А.Ж. Кыдырова Ш. ДуйсенР.Д.

26.04.2023ж. 26 сәуір күні өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; Райымбек батырдың ерлігін насихаттау; аудандағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында «Мәңгілік ел алыбы – Райымбек батыр» атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті. “Асылтас” фракциясы “Алғыс хатпен” марапатталды. 

30.04.2023ж. “1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік күні” мерекесі қарсаңында Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, сахна төрінде әр ұлттың ұлттық ерекшелігі мен ас мәзірін танытты.

03.05.2023ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктантын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.

04.05.2023ж. Қ. Сатпаев атындағы орта мектепте 5-9 сыныптар арасында “Саптық шеру” байқауы өтті. 

05.05.2023ж. 5 мамыр күні 8 “А”,”Б”,”В” сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Елін қорғау-ерге серт”атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Жетекшілері:Салыбаева К.Ж, Бостаева Г.М , Сейілханова Б Х.

05.05.2023ж. «Қ.Сатпаев орта мектеп» КММ «Ұлы Отан соғысының 78 жыл толуына орай, мерекелік іс-шара өткізді.Мектеп оқушылары ән-шашулары мен би өнерін тарту етті.Сонымен қатар мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Аскербай Нұржалғас тамаша әнімен көрермендерді сүйсіндірді,мерекелік концерт өз деңгейінде тамаша өтті. Байқау нәтижесінде, үздік деп танылған сыныптар мектеп директорының мадақтама қағазымен марапатталды.

10.05.2023ж. «Қ. Сатпаев атныдағы орта мектеп» КММ
 24.04-10.05 аралығында мектебіміздің жас ұстаздарының апталығы өтті. Апталықта мектебіміздің 22 жас мұғалімдер өз біліктілігі мен шеберліктерін ұштастыра отырып, ашық сабақ жүргізді.

12.05.2023ж. «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында 12.05.2023 күні Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың 2023 жылы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 тапсырмасына сәйкес мектепте оқу-жаттығулары өткізілді. Оқушылар арасында өмір қауіпсіздігінің негіздері туралы әңгімелер жүргізілді.
 Жоспар бойынша 12.05.23 күні жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік іс-шаралары , соның ішінде эвакуациялық жаттығулары өткізілді.

13.05.2023ж. Мектебімізде атаулы күні көгалдандыру жұмысы жүргізілді.Бұл іс-шараға 9-11 сыныптың оқушылары атсалысты.Бұл іс-шараның мақсаты-тазалыққа, табиғатты аялауға,оқушыларды еңбекке жұмылдыруға бағытталған. Ағаш отырғызу-үлкен сауапты іс.Жылдан-жылға ағаш отырғызу-дәстүрлі іс-шараға айналып отыр.

16.05.2023ж. мамыр күні 1 “А”,1”Б”,1”В” және 2”А”,2”Б”,2”В”сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп жобасы аясында “іс шара өткізілді.Оқушылар өздері оқыған ақын ,жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты .Ертегілерден сахналық көріністер көрсетті .Іс шара жоғары деңгейде өтті.

18.05.2023ж. "Жайдарлы Жайдарман" атты Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кубогіне арналған жайдарман ойынында Қ.Сатпаев мектебінің "Алтын Адам" командасы ІІ - орынға ие болып, 50,000тг қаржылай сыйлыққа ие болды.

18.05.2023ж. Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте 4-сыныптар арасында қазақ тілі маманы Айжамал Бибосынқызының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы өткізілді.

20.05.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ бүлдіршіндеріне арналған кезекті саяхат ұйымдастырылды. Ата-аналардың қолдауымен, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың бастамасымен керемет уақыт өткіздік.
 20.05.2023ж.  күні бастауыш сынып оқушылары кинотеатрдан мультхикая тамашалап, артынша тамақтанды. Балалардың көңілін көтеру мақсатында кезекті саяхатымыз “Funky world” ойын-сауық орталығында жалғасын тапты.

30.05.2023ж Бастауыш сыныпты бітірушілерге арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Іс-шараға 4 қазақ сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырған мұғалімдер:,Иембергенова Н.А,Атекеева Б.К,Желилова З.Р,Наурызбай Ш.К

31.05.2023ж Оқуға құштар мектеп жобасын қорытындылау мақсатында "Үздік оқырман - 2023  " сайысы өтті.

01.06.2023ж «Жас түлек-2022, Жаңа Қазақстан тірегі  жалынды жастар » атты соңғы қоңырау жиыны өткізілді.

01.06. 2022 жылы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік         іс-шара өткізілді. 






Педагог – ұйымдастырушы:            Нуртилеуов А.Б





































«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп»

коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі
















Өткізілген іс-шараларға анықтама 








2022-2023 оқу жылы