2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық есебі. » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық есебі.
15
июль
2023

2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық есебі.

«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп»

 коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі  бойынша

2022-2023   оқу   жылына  арналған  тәрбие жұмысының жылдық есебі.



Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-танымдық тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасылық тәрбие
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру

       Мектепте І – жартыжылдық бойынша жалпы саны  1342 оқушы болса, оның ішінде көпбалалы отбасынын шыққан  оқушылар саны 402, аз қамтылған отбасынан шыққан  оқушыларының саны – 61, бір ана тәрбиесіндегі оқушылар саны – 176, бір әке тәрбиесіндегі оқушылар саны – 15, ата – ана қамқорлығынсыз қалған және жетім бала саны – 10 оқушы. 

І-жарты жылдық соңында  соңында Ювеналды полиция тобы бөлімінде есепте тұрған оқушысаны -3. Мектепшілік есепте тұрған оқушы саны – 7. Сәтсіз отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушы саны – 1. 


«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының жұмысы


Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Мектепке жол акциясы барысында тамыз айында ДСУ мешітінің қызметкерлері  төмендегі 30  балаға қайырымдылық көрсетті:

Оқушының аты жөні

Сыныбы 

Әлеуметтік жағдайы 


Сисенбай Ақерке 

2 а

Сумка, оқу құралы


Нұрдаулет Габиддин 

2 б 

Сумка, оқу құралы


Сейсенбек Сезім 

2 б

Сумка, оқу құралы


Таңатар Айару 

2 б

Сумка, оқу құралы


Мұхитдин Арафат 

3 а

Сумка, оқу құралы


Жеткербай Нурдәулет Берікұлы

3 в

Сумка, оқу құралы


Омар Альбина Бауыржанқызы

3 в

Сумка, оқу құралы


Бақытбек Шахислам 

3 е

Сумка, оқу құралы


Сағынбек Әлібек 

3 г

Сумка, оқу құралы


Қуатбекқызы Ақерке 

3 г 

Сумка, оқу құралы


Мамлаев Алипаша 

3 д

Сумка, оқу құралы


Молдан Әсел


4 а 

Сумка, оқу құралы


Бақытбек Аянат 

4 б

Сумка, оқу құралы


Карамадин Жания 

4 б

Сумка, оқу құралы


Махашов Арман

4 в

Сумка, оқу құралы


Рустам Нұрсулу 

4 г 

Сумка, оқу құралы


Мейірбек Осман 

4 г

Сумка, оқу құралы


Семенцова Екатерина 

4 д

Сумка, оқу құралы


Қуанышбай Аружан 

5 а

Сумка, оқу құралы


Байырбек Жанару 

5 б

Сумка, оқу құралы


Батырғалы карина 

5 б

Сумка, оқу құралы


Тілекұлы Нұрсұлтан 

7 а

Сумка, оқу құралы


Лукашенко Александр 

5 е

Сумка, оқу құралы


Хаталиев Рамазан 

5 д

Сумка, оқу құралы


Әлғожа Самат 

6 а

Сумка, оқу құралы


Қали Меруерт 

6 а

Сумка, оқу құралы


Балмаханов Нурмухаммет 

6 в

Сумка, оқу құралы


Ергали Нұрым 

1 а

Сумка, оқу құралы


Қабдол Азалия 

6 б

Сумка, оқу құралы


Тұрланқызы Фатима 

6 б

Сумка, оқу құралы


Тамыз айында қалалық әкімшілік мектебіміздегі азқамтылған көп балалы, жетім , ата-ана қамқорлығынсыз қалған төмендегі оқушыларға көмек көрсетті :

Баланың аты-жөні

Сыныбы

Әлеуметтік жағдайы 


Толибай Нуртас 

Сумка, оқу құралы


Бақыт Айша 

Сумка, оқу құралы


Борзова Эвелина

Борзова Анжелика

Борзова Адэлина 

Сумка, оқу құралы

Сумка, оқу құралы

Сумка, оқу құралы


  Қалалық әкімшілігі мектебіміздегі азқамтылған, көпбалалы отбасының балаларына мектепке қажеттті оқу-құралдарына (сөмке, дәптер,қалам,қарандаш,қаламсалғыш,дәптер тысы ,өшіргіш) көмек көрсетілді:

  Мектебіміздегі  азқамтылған көпбалалы және жалғызбасты ана,әке  тәрбиесіндегі отбасының балаларына  аудан әкімшілігіне тізімі беріліп,көмек көрсетілді.

Баланың аты-жөні

Сыныбы

Әлеуметтік жағдайы 

1

Қасымбекова Анель 

Сумка, оқу құралы


  2

Сағынбек Әлібек Әлімжан ұлы 

Сумка, оқу құралы



Тамыз айында мектебіміздің мұғалімі Сарсекова Т.С мектебіміздің азқамтылған отбасынан шыққан   4б сынып оқушысы Қалбаева Асемайға мектеп формасын алып берді.
 

    Мектепке демеуші көмегімен Қайыпназаров Қанат Куанышбаевич аз қамтылған отбасынан шыққан 3г сынып оқушысына мектеп формасы мен сумка алып берді.   

3г сынып оқушысы Қуатбекқызы Ақеркеге 25 000тг (азық – түлік) сот орындаушы Диханбаев Саятхан Құдайбергенович және әріптестерінің атынан көмек көрсетілді.

   Шешім:

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасы балаларына демеушілер тарапынан үнемі көмек ұйымдастырылсын.



Тәрбие жұмысының  8 бағыты бойынша атқарылған  жұмыстар.

«Кел балалар оқылық!» тақырыбында 1-қыркүйек Білім күніне арналған іс шара өткізілді.  «Конституция – негізгі заң» баяндама, презентация көрсетілді. «Отбасым – бақыт мекенім» атты сынып сағаттары өткізілді. 24 қыркүйек Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» атты дәрігерлермен, медбикелермен 8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өтті.  

08.09.2022 ж. Мектеп парламентінің жаңа құрамымен алғашқы кеңес өткізіліп, кеңес соңында жаңа оқу жылына жоспар құрылды. 

29.09.2022 ж. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

13.10.2022 ж. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» мерекелік іс-шара өткізілді 

15.10.2022 ж. Мектеп парламентінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, өткен іс-шаралар бойынша қорытынды жасалып, мектеп парламентімен 8-10 сынып старосталарына ҚР 25 – қазан Республика күніне  орай өткізілетін байқаулар мен іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді

09.11.2022 ж. Мектеп парламентінің үшінші жиыны өткізіліп, парламент мүшелеріне 2 тоқсанда өткізілетін іс-шаралар бойынша тапсырма берілді.

09.11.2022 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мектеп парламенттері Қонаев қаласында өткен «Кемел келешектің жас көшбасшылары» атты обылыстық ашық алаңда.Мектеп президенті Жасталап Аманай және ақпарат баспасөз фракциясының жетекшісі Турашова Азалия болып қайтты

15.11.2022 ж. Ұлттық валюта күніне орай 8 – 10 сыныптар арасында «Ең үздік репортаж» атты видео сайыс өткізілді.

25.11.2022 ж. Мектебіміздің жайдарман командасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «Жасыл ел-2022» атты көңілді жастаркубогіне арналған жайдарман ойына қатысты.

05.12.2022 ж. Мектеп парламентінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, өткен іс-шаралар бойынша қорытынды жасалып, мектеп парламентімен 8-10 сынып старосталарына ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай өткізілетін байқаулар мен іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді.

15.12.2022 ж. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» «Жас қыран» 3-5 сыныптар қабылданды.

22.12.2022 ж.“Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ-де тоғызқұмалақтан мектеп аралық жарыс өткізілді.

23.12.2023 ж1 «А,Б,В» сыныбында “Мың алғыс, саған Әліппе” атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты кешті сынып жетекшілері Кулубекова Динара Ажханқызы, Аубакирова Елмира Ниязовна, Рысбаева. С.Н ұйымдастырды.

24.12.2022ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 4 сыныптар арасында “Мың бір мақал-жүз бір жұмбақ”сайысы өтті.

11.01.2023ж. Қаңтар айының 11-і күні 5-7 сынып оқушыларының және 9-10 сынып оқушыларының арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу және жолда жүру»туралы дәріс өткізіліп жасөспірімдердің жолда жүру ережелері және жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік жұмыстары және қалта ұрлығы , үшкір және ұшты заттарды әкелмеу туралы сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.

11.01.2023ж. Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханасында “Ең үздік оқырман” атты байқау жариялады.

20.01.2023ж. Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалды.

20.01.2023ж. “Саналы ұрпақ-ұлт болашағы” дәл осы тақырыпта мектебімізде дебат ойыны өтті. Қызығы мен тартысқа толы болған бұл шара 9мектеп арасында өтті.

1-орын. Рахат 1 мектебі “Нар-Тәуекел” фракциясы
 2-орын. Райымбек батыр мектебі “Жасstar” фракциясы
 3-орын. Қ. Сатпаев мектебі “Асылтас” фракциясы

22.01.2023ж. “Адал ұрпақ ерікті мектеп клубы”
 жемқорлыққа қарсымыз атты эстафетаны В.Терешкова мектебінен қабылдап, Райымбек батыр мектебіне жолдадық.

22.01.2023ж. “Мектеп лигасы” аясында 5-6 сыныптар ұлдар мен қыздар арасындағы аймақтық жарысында Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектебінде өткен ұлттық ойын “Бес тас” ойынынан “Қ.Сатпаев атындағы орта мектебі”1 орынды иеленді.
 Жатықтырушы:Туминбаева А.А

28.01.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ АКТ залында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог- ұйымдастырушының басқаруымен " MISS SATPAEV- 2023" байқауы ұйымдастырылды.

06.02.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ- де жоспарға сәйкес “Цифрлы ұстаз” байқауы өткізілді. Биылғы оқу жылынан бастап бұл байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын болды.

10.02.2023ж. Мектебімізде қазақтың ақиық ақыны,қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туылған күн мерекесіне орай,салтанатты жиын ұйымдастырылды.

14.02.2023ж. Мұзбалақ ақын, қазақ әдебиетінің ақиығы Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай өткізілген “Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің” кеші.

20.02.2023ж. 1-наурыз Алғыс айту күніне орай 13 ақпан - 1 наурыз аралығында “Мектеп Парламенті” өзін - өзі басқару ұйымдарының арасында өтетін “Алтын жүрек» республикалық челленджге шақырамыз және қатысамыз.

24.02.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Үздік сынып жетекші-2023” байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: Білім беру ұйымындағы тәрбиенің рөлін арттыру,тәрбие үдерісін жетілдіру. Байқауға қойылған талаптар бойынша 2-10 сынып жетекшілері қатысып,нәтижесінде
 9”А” сынып жетекшісі Кожамбердина Айгерім Акраевна бас жүлдені жеңіп алды
.

26.02.2023ж. «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында 2023 жылдың 24 ақпан күні 7”Б”-сынып оқушыларымен Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша сахналық қойылым қойылды. Жетекшісі: Барлыбекова Назерке Маратқызы

01.03.2023ж. Көктем айының алғашқы күні - бірінші наурызда «Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын 8»А» сынып оқушылары сахналады.

01.03.2023ж. “Таланттар жәрмеңкесі -2023” Жас мобилограф Жас тілші номинациясы бойынша жасаған жұмысы.

01.03.2023ж. 2023 жылғы 2 наурызда Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданының” Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп КММ “ Алматы қаласындағы Росынтамақтастық өкілдігімен бірлесіп “Таланттар жәрмеңкесі – 2023”өтті.
 “Таланттар жәрмеңкесі – 23” ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің 225 жылдығы қарсаңында өткізілді.
 Таланттар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты-қабілетті және талантты балаларды қолдау.
 Таланттар жәрмеңкесі 2014 жылы басталды (оның ұйымдастырушы-Амарова Дамира Вазировна), оған 55 оқушы қатысты, 9 жылдан кейін таланттар жәрмеңкесіне-2023 іріктеу турларына 612-ден астам оқушы қатысты.
 Фестивальге 63 лауреат қатысты, оның ішінде Еңбекшіқазақ аудандық серіктес-мектептер Терешкова о.м, Рахат 1 о.м, Майлин о.м, Азат о.м, және Есік гуманитарлық – экономикалық колледж және «Азия – Арт» музыкалық мектеп.Жоба қарқын алып, шеңберін кеңейтуде. 2023 жылғы таланттар жәрмеңкесінде Қызылорда облысының өкілдері – 12 лауреат өнер көрсетті. Сырттай қатысуға Түркістан облысы-Шымкент қаласы қатысты. Ең жас қатысушылар Қаракемер ауылындағы “Айлана” бөбекжайының тәрбиеленушілері болды.
 2022 жылдан бастап Ұйымдастырушы Алматыдағы Росынтымақтастық өкілдігі болып табылады, олар 2023 жылғы таланттар жәрмеңкесінің әрбір қатысушысына сыйлықтар табыс етті: кітап және Тула пряниктері, барлық қатысушы мектептерге мәдени – ағартушылық және әдістемелік әдебиеттер берілді.
 Таланттар жәрмеңкесі барлық балаларға өздерін ашуға көмектессін және өзінің талантының көмегімен білімін арттыру.

05.03.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 3 наурызында Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігінің жабылуы өтті. Жабылу салтанатына 5,6,7 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 8 “А” сынып оқушылары “Күлшеқыз” ертегісінің ағылшын тілінде қойылымын қойды. Сонымен қатар, ЕГЭК-тен арнайы шақырылған студенттер “Аладдин” ертегісін сахналады.

07.03.2023ж. «Адамзаттың асылы – Ана деген» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

14.03.2023ж. Адал ұрпақ пен мектепке жол акциясын ұштастыра отырып, мектебімізде адалдық бұрышы тұрғызылды. 

18.03.2023ж. «Наурыз нақыштары: ұлы дала – ұлық күн» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

29.03.2023ж.«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.03.2023 жылы 8 – 10 сыныптар арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологы және Еңбекшіқазақ ПБ ЮПТ инспекторы аға лейтенант Пулик Регина Александровнаның қатысуымен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқылды.

05.04.2023ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 «А», 5 «Б» сыныптары қазақ балалар әдебиетінің шоқжұлдызы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа», әлем балалар әдебиетінің інжу маржаны М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» повестін сахналады. 

12.04.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12 сәуір Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған, салтанатты жиын өткізілді.

13.04.2023ж. “Қ.Сатпаав атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қ.Сәтбаевтың туылған күніне орай аудандық “Дойбы” ойыны мектепте өткізілді.Ауданның мектептерінен Қ.Сатпаев,Райымбек батыр және В.Терешкова мектептері қатысты.Жарыс 6-10 жас,11-13 жас,14-17 жас аралығында өтті.

14.04.2023ж. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің туған күніне орай аудандық дебат ойыны ұйымдастырылды. Ғылым мен техниканың, қоғамның табиғатпен үндесе дамуына бағытталған қарарлар ортаға тасталды. Дебат ойынының нәтижесі:
 1-орын: Қ. Сатпаев а.о.м “Асылтас” фракциясы
 2-орын: Райымбек батыр а.о.м “Терең дем ал” фракциясы
 3-орын: О. Жандосов а.о.м “Озат” фракциясы

16.04.2023ж. Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың құрметіне ғылыми жоба мен олимпияда сайыстары өткізілді. Аудандық байқауға әр мектептен жаратылыстану пәндерінен (химия, биология, геграфия) бір оқушы қатысты. Байқау қорытындысы қазылар алқасының бірігуімен бірден шықты. Аудан көлемінде ұйымдастырылған сайысқа бірқатар мектептер білсене қатысып, ғылым мен білімді қатар дамытуға өз үлестерін қоса білді.

21.04.2023ж.“Оқуға құштар мектеп “ жобасы аясында 9-сыныптар арасында Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” шығармасын оқып,қыз тағдырын талқыға салып,қазіргі өмірмен байланыстырды.Сонымен қатар осы шығармаға ұқсас әлем әдебиетіне шолу жасады,салыстырды,ұқсастық ерекшеліктерін талдады,іс-шара мазмұны-дөңгелек үстел түрінде өтті,балалар кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез ерекшеліктеріне сипаттама берді,қыз тағдыры,қыз жолын қызу талқыға түсіріп,ойларын ортаға салды.
 Жетекшісі:Ашиманова Д.С.

22.04.2023ж. Қ. Сатпаев мектебінің жас шәкірттері оқумен қатар сергігу де уақыт табу керек екенін тағы бір дәлелдеді. Ең бастысы ата-аналарының қолдау мен ұстаздарының ұйымдастырумен сейіл құрып қайтты.

24.04.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” кітапханасында 23 сәуір-Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай 4 Б,В сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап-білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы» атты танымдық сағат өтті. Мектеп кітапханашысы Жумабаева Г.Н.

25.04.2023ж. “Оқуға құштар мектеп” жобасының мақсаты оқырмандардың кітап оқуына басшылық жасау, қызығушылықтарын ояту, қазақ ақын,жазушыларының өлең шумақтарын мәнерлеп оқу арқылы оқырманның бойына рухани құндылықтарды ұялату. 3 сыныптар арасында ақындар өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқу дағдылыры артты.
 Жетекшілері:ЖабыковаГ.Т. Қамзабек А.Ж. Кыдырова Ш. ДуйсенР.Д.

26.04.2023ж. 26 сәуір күні өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; Райымбек батырдың ерлігін насихаттау; аудандағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында «Мәңгілік ел алыбы – Райымбек батыр» атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті. “Асылтас” фракциясы “Алғыс хатпен” марапатталды. 

30.04.2023ж. “1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік күні” мерекесі қарсаңында Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, сахна төрінде әр ұлттың ұлттық ерекшелігі мен ас мәзірін танытты.

03.05.2023ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктантын ұйымдастыратынын хабарлаймыз.

04.05.2023ж. Қ. Сатпаев атындағы орта мектепте 5-9 сыныптар арасында “Саптық шеру” байқауы өтті. 

05.05.2023ж. 5 мамыр күні 8 “А”,”Б”,”В” сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Елін қорғау-ерге серт”атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Жетекшілері:Салыбаева К.Ж, Бостаева Г.М , Сейілханова Б Х.

05.05.2023ж. «Қ.Сатпаев орта мектеп» КММ «Ұлы Отан соғысының 78 жыл толуына орай, мерекелік іс-шара өткізді.Мектеп оқушылары ән-шашулары мен би өнерін тарту етті.Сонымен қатар мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Аскербай Нұржалғас тамаша әнімен көрермендерді сүйсіндірді,мерекелік концерт өз деңгейінде тамаша өтті. Байқау нәтижесінде, үздік деп танылған сыныптар мектеп директорының мадақтама қағазымен марапатталды.

10.05.2023ж. «Қ. Сатпаев атныдағы орта мектеп» КММ
 24.04-10.05 аралығында мектебіміздің жас ұстаздарының апталығы өтті. Апталықта мектебіміздің 22 жас мұғалімдер өз біліктілігі мен шеберліктерін ұштастыра отырып, ашық сабақ жүргізді.

12.05.2023ж. «Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында 12.05.2023 күні Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың 2023 жылы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 тапсырмасына сәйкес мектепте оқу-жаттығулары өткізілді. Оқушылар арасында өмір қауіпсіздігінің негіздері туралы әңгімелер жүргізілді.
 Жоспар бойынша 12.05.23 күні жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік іс-шаралары , соның ішінде эвакуациялық жаттығулары өткізілді.

13.05.2023ж. Мектебімізде атаулы күні көгалдандыру жұмысы жүргізілді.Бұл іс-шараға 9-11 сыныптың оқушылары атсалысты.Бұл іс-шараның мақсаты-тазалыққа, табиғатты аялауға,оқушыларды еңбекке жұмылдыруға бағытталған. Ағаш отырғызу-үлкен сауапты іс.Жылдан-жылға ағаш отырғызу-дәстүрлі іс-шараға айналып отыр.

16.05.2023ж. мамыр күні 1 “А”,1”Б”,1”В” және 2”А”,2”Б”,2”В”сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп жобасы аясында “іс шара өткізілді.Оқушылар өздері оқыған ақын ,жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты .Ертегілерден сахналық көріністер көрсетті .Іс шара жоғары деңгейде өтті.

18.05.2023ж. "Жайдарлы Жайдарман" атты Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кубогіне арналған жайдарман ойынында Қ.Сатпаев мектебінің "Алтын Адам" командасы ІІ - орынға ие болып, 50,000тг қаржылай сыйлыққа ие болды.

18.05.2023ж. Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте 4-сыныптар арасында қазақ тілі маманы Айжамал Бибосынқызының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы өткізілді.

20.05.2023ж. “Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп” КММ бүлдіршіндеріне арналған кезекті саяхат ұйымдастырылды. Ата-аналардың қолдауымен, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың бастамасымен керемет уақыт өткіздік.
 20.05.2023ж.  күні бастауыш сынып оқушылары кинотеатрдан мультхикая тамашалап, артынша тамақтанды. Балалардың көңілін көтеру мақсатында кезекті саяхатымыз “Funky world” ойын-сауық орталығында жалғасын тапты.

30.05.2023ж Бастауыш сыныпты бітірушілерге арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Іс-шараға 4 қазақ сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырған мұғалімдер:,Иембергенова Н.А,Атекеева Б.К,Желилова З.Р,Наурызбай Ш.К

31.05.2023ж Оқуға құштар мектеп жобасын қорытындылау мақсатында "Үздік оқырман - 2023  " сайысы өтті.

01.06.2023ж «Жас түлек-2022, Жаңа Қазақстан тірегі  жалынды жастар » атты соңғы қоңырау жиыны өткізілді.

01.06. 2022 жылы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік         іс-шара өткізілді. 


2022-2023 оқу жылдарға арналған даму стратегиясының 2022 – 2023 оқу жылындағы жылдық іс – әрекет жоспары бойынша құрылған жобалар 

      «Асылтас» дебат фракциясы 2022жылдың қыркүйек айында құрылды. Жалпы дебат ережелері мен түсіндірме жұмыстарымен басталған бастама оқу жылында бірқатар жетістіктер алып келді. Ең алғашқы жетістігіміз: аймақтық «Қазақ тілі бұрын, бүгін, ертең» турнирінда 2-орын иелендік. Осы жеңіс қатары аймақтық «Жаңа Қазақстан жастары» турнирінда 3-орын (16мектеп арасында); аймақтық орыс лигасында 2-орын, Аудандық турнирда орыс лигасы 1-орынды иеленді. «Біз – Тәуелсіз елміз» атты 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ұйымтастырылған пірікірсайыста 3-орынды қанжығамызға байладық. Геолог-ғалым Қаныш Сатпаевтің туған күніне орай ұйымдастырылған аймақтық пікірсайыста жүлделі 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, Есік өңірі арасында ұйымдастырылған кезекті шеберлік алмасу ойыннында 3-орынға ие болды. Дәстүрлі «Райымбек батыр атындағы айлық» аясында ұйымдастырылған «Мәңгілік ел алыбы-Райымбек батыр» атты аудандық пікірсайыс турнирінде 32 фракция арасында жас пікірсайысшыларымыз 1\4 финалға дейін өнер көрсеттіп, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. 

     «Асылтас» дебат фракциясы оқу жылын үздік дебатшыларының жетістігімен, аймақтың бірқатар шебер төрешілері ретінде жылды аяқтайды. Пікірін ортада мүдірмей айтып, ойын ашық жеткізе отырып жеңіске жетуді мақсат ете білетін «Асылтас» дебат клубы құрамында 20 үздік пікірсайысшылармен оқу жылын табысты қоржынмен тәмәмдайды.

Жоба жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахымжан Жаухар. Аталған жоба бойынша ағымдағы жылы  құрылған жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.


«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі


МАҚСАТЫ:

  1. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
  2. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
  3. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:1.Мектеп   оқушыларының оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің,әңгіме,поэма, роман маңызын зерттейді, оларды оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі,поэма,әңгіме туралы шағын эссе жазады.

2. Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі,пікір айтады оқырмандарды шабыттандырады.

3.Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.

4.Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тату, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.

1-БАҒЫТ. «БАРЛЫҚ ПӘНДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУ»

МАҚСАТЫ: Оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Оқушылардың оқу дағдысын, сауаттылығын қалыптастыру. Ертегіні оқи отырып қиялдайды, ертегі туралы шағын әңгіме жазып келеді, кейіпкерлерін бейнелеп береді.


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты


«Қазақ  ертегілері»

5     сынып оқушыларына  бір мезетте ертегі оқыту

Оқу марафоны

5сыныптар

2-ауысым.

маусым


2022ж


2-бағыт. «Еркін оқу кеңістігі» (20 минут оқыда, 3-минут эссе жаз)

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты

1

Кел, бірге оқиық!

«20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз» кітап оқу акциясы (үзіліс кезінде бір мезетте ұжыммен кітап оқуы)

Кітап оқу акциясы

5,6,7,8,10 сыныптар

Бейсенбі

маусым

5,6,7 сыныптар

Бейсенбі

Апта сайын

Қыркүйек -қазан

«Кітаппен өткен демалыс күнім қызық» марафон.

Мақсаты: Жас ұрпаққа әлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау, каникул уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқыған кітабы бойынша кейіпкерлердің суретін салу, шағын әңгіме жазу, кітапты жарнамалау.

Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

«Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты»

жазғы демалыс кезінде  кітап оқу

1-10 сыныптар

 бейсенбі күні.

«Оқы және өзгеге сыйла» Bookcrossing

Мақсаты: Мектеп кітапханаларының қорын заманауи кітаптармен толықтыру.

Күтілетін нәтиже: Кітапхана фойесіндегі кітап сөресінде көркем әдебиеттер жинақталады. Әр оқушы өзіне ұнаған кітабын сөреден алып оқиды. Әр оқыған оқырман өзінің оқыған кітабын жарнамалайды.


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты


«Оқы және өзгеге сыйла»

Bookcrossing

4,8,10 сыныптар

маусым

10:15-10:25

2,3,5,6, сыныптар

маусым

15:25-15:35

3-бағыт. «Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту» (Бір сынып-бір кітап) 

Мақсаты: Әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқу. Кітап оқуға басшылық жасау.

Күтілетін нәтиже: Білім алушылардың сыныбымен таңдап алған кітаптарын түгел оқуға шақыру. Сыныппен оқыған кітаптарын, кітап кейіпкерлері болып жарнамалау.

Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

«Бір сынып-бір кітап»

Флешмоб

1-11 сыныптар

сәрсенбі

«Дала қоңырауы» жобасы.

Ыбырай Алтынсарин  туралы дөңгелек стол 

Мақсаты: Ыбырай  шығармаларын насихаттау. Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру. Кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже: Өнер –білімге шақырған  шығармаларын сүйетін, дәріптейтін тұлға тәрбиеленеді.


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты


«Дала қоңырауы»

Жоба

5-10 сыныптар

маусым

10:15-10:25

«Ахмет реформатор» жобасы.

Ахмет Байтұрсынұлы  туралы дөңгелек стол 

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы  шығармаларын насихаттау. Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру. Кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже: Өнер –білімге,оқуға  шақырған  шығармаларын сүйетін, дәріптейтін тұлға тәрбиеленеді.

Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты

«Ахмет реформатор»

Жоба

5-10сыныптар

маусым

10:15-10:25

4-бағыт «Отбасылық оқудың дәстүрлері»

Мақсаты: Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Отбасымен бірге кітап оқу. Кейіпкерлердін суретін салу. Ынталандыру (сыйлық беру)


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты

1

«Бір отбасы-бір кітап»

Акция

1-11 сыныптар

маусым

10:25-10:35

«Оқырман отбасы» онлайн байқау.

Мақсаты: Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытындағы өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту.

Күтілетін нәтиже: Отбасымен Тәуелсіздіктің 30-жылдығына «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында тандалған 30 шығармаларын оқу. Оқыған кітаптары бойынша жоба қорғайды.


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты

1

«оқырман отбасы»

Байқау

1-11 сыныптар

маусым

10:25-10:35

5-бағыт. «Оқу уақыты» (Өзін оқып, өзгеге ұсын) READx book жобасы.

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау.

Күтілетін нәтиже: Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.


Жұмыстың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сыныбы

Айы, күні

Уақыты

1

«Өзін оқып, өзгеге ұсын»

READx book

4-8 сыныптар

1-аусым

маусым

10:25-10:35

2-5 сыныптар

2-аусым


15:25-15:35

Жоба жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бердикулова Айжамал Бибосынқызы. Аталған жоба бойынша ағымдағы жылы  құрылған жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Орындаған ДТІЖО   Тұрғанжан А.Б

                                      Серікбай Ә.Е