Ақын Мұхтар Шахановпен кездесу » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақын Мұхтар Шахановпен кездесу
16
июль
2023

Ақын Мұхтар Шахановпен кездесу

🖌«Ақиқаттың ақыны» ✉️ «Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың, Жер бетінде алтынның аздығынан»,-деп әр сөзінде пәстеу сырт көріктен мазмұнға салмақ сала, шындық жаршысы бола біліп, ақиқат алабын тұрғызған, сан мұраны, қанды тарих шындықтарын отты өлеңіне қосқан Мұхтар Шаханов бейнесі ұлт жадында алтыннан қаланары сөзсіз-ақ. Жырларында қорғасындай салмақ, болаттай беріктігі тұрып, жүзіне 80жылдың тарихы ою салған, сезім деген нәзікке сана атты биікті ұштастырған Мұхтарды оқыған жанның жүрегінде тыныштық, кеудесінде жалын оты ойнамақ. Қаламды ермек етпей, серік етіп, найза алып жүгірмейтін заманда, ақиқат алыбы бола келе, халқына қаламмен пайдасын тигізген-ді. Әсте, азға зорлық жасамауға, достық мұнарасын тұрғызуға, екі сипатты жігітті ажыратуға, сана биіктігін махаббатқа ұштастыруға, өтіріктің балын жегеннен, шындықтың ащы уын ішіп өлуді үйретті. Зілдей тиер әр сөзі ез болмауды үйртері анық.  Қазақтың даңқты ақыны, Арал залалынан, Желтоқсан ызғарынан да шындықты көксеп, тарихта шешімі табылған оқиға ретінде қалуына мұрындық болған, ұлттың ұлы тойы «Наурыз» тойын ширек ғасырда ұмыт атты шаң басқанда жырлап елге қайтарушы, тілдің жанашыры📍«Қ. Сатпаев атындағы орта мектебімізге» аяқ басып, мектеп шәкіртерімен жүзбе-жүз көрісуге келді. Аңыздың жайылған қолынан бата алып, асау алдырар отты жырын өз аузынан құлағдар ету бақыты бұйырған тұс болды. Қуаныштар құрақ ұшқан, асау жүректерге сағым сезім ұялаған, біреудің жадында сайрай қалатын, енді біреуге арман болатын күн болғаны анық.  🖇Ешқашанда шыншыл ақын шыққан емес қорқақтан! Ақынға егер сөзіне сай шындық парқы қонбаса!🖋