Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында жасалған жұмысының есебі » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында жасалған жұмысының есебі
16
июль
2023

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында жасалған жұмысының есебі

«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні бірлестігінің 2022-2023 оқу жылында жасалған жұмысының есебі


Қ. Сатпаев атындағы орта мектепте 2022-20236 оқу жылында барлығы 14 мұғалім жұмыс атқарды. Олар Кунделева Н.И, Амурлаева Х, Джасыбаева Э, Хұрметхан Г, Талғат А, Серікбай Ә, Айдарқызы А, Даутбай А, Туеханова М, Амангелді М, Жалбырова А, Наргилова З, Байжұма М. Оқу жылы барысында барлық іс-шараларға әсіресе жас мамандар белсене қатысты,берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарады. Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, жұмыс барысындағы кемшіліктермен жұмыс атқарылды. Жыл барысында берілген кокурс, олимпиадалар оқушыларды қатыстыра отырып жүлделі орындарға ие болды, сонымен қатар мұғалімдер мектепішілік мектеп аралық сайыстарға да қатысты.

             Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі 27.02-03.03. 2023 аралығында өтілді. Апталықтар пән мұғалімдері бекітілген жоспар бойынша өзінің ашық сабақтар мен оқушылармен іс-шаралары өтілді.  Апталақтың мақсаты оқушылармен тығыз байланыста бола тұра, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларды жетілдіру,  ағылшын тілін жақсы меңгерген оқушылардың өнерлерін, деңгейін көрсетуге мүмкіндік беру болды. Сонымен қатар жас мамандарға үлгі көрсете отырып, пәнді түрлендіруге мүмкіндік беру. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсіл, жаңа платформалармен бөлісуге, танысуға мүмкіндік берілді. Ашылу салтанаты креативті видеороликпен мұғалімдерді  жоспар бойынша ашық сабақтар мен іс-шараларына шақырылды. Откүндік барысында, қызықты роликтер, викториналық сұрақтар, интервьюлер, тренингтер, оқушылардың ағылшын тілін меңгеру процессін жетілдіру мақсатында өздерінің сөйлеу, түсіну дағдыларын жетілдіруде өлең, әндер, өз өнерлерін көрсете білді. Жаңа технологияны, акт қолдануда пән мұғалімдерде мүмкіндік шексіз болды және қолдана білді.

Ағылшын тілін практикалық меңгеру қазіргі қоғамның нақты қажеттілігі мен қажеттілігіне айналды. Бүгінгі таңда ақылды экономика деп аталатын және әлемге ашық елдер табысты дамып келеді. Ағылшын тілі-бүгінде бүкіл әлем бойынша бизнес, компьютерлік технологиялар және білікті жұмыс тілі. Кунделева Надежда Ивановна, 1-санатты неміс және ағылшын тілдерінің мұғалімі, жұмыс өтілі 38 жыл . 1984 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын "неміс және ағылшын тілдерінің мұғалімі"мамандығы бойынша бітірген. Бұл мектепте 1997 жылдан бастап жұмыс істеймін. 2012 жылдан бастап ағылшын тілінен сабақ беремін. Сабақты дайындаудағы менің міндетім-оқушыларға оқу мен рефлексия, сыни тұрғыдан ойлау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қажетті ақпарат беру. Сондықтан әр минут кестеленген сабақ сценарийін ойластыру сабақтың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Сіз бақылаудың қарапайым түрін-карталарды пайдалана аласыз. Мұндай картаның бір жағында, мысалы, тақырып бойынша материалды схема түрінде ("Кластер", "жад картасы", "болжау ағашы" және т.б.) жалпылау тапсырмасы бар; екінші жағында – тапсырма: тағы не түсініксіз екенін анықтау және стикерлерде сұрақтарды тұжырымдау. Стикерлерде жазылған және тақтаға орналастырылған сұрақтарға басқа оқушылар немесе мұғалім жауап береді. "Бір минуттық эссе" техникасы, бұл жағдайда балаларға " сабақта ең бастысы не білдің?", "Сізге не түсініксіз болып қалды?"және басқа да өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістері әртүрлі, мен оларды оқушылармен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде қолданамын. Сынып жетекшілерімен әңгімелесу және оқушылардың сабақтағы жұмысын бақылау оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы бар екенін көрсетеді, бірақ әрқашан өз мүмкіндіктерін өз қалауынша жүзеге асыра алмайды. Әлсіз оқушылар сабақтың қарқынына ілесе алмай, бүкіл сыныпта сұрақтар қоюға ұялады және нақты түсінбейтіндіктерін түсінбейді, сұрақ пен жауапты дұрыс тұжырымдай алмайды, сөздік қоры жетіспейді, алдыңғы сыныптар үшін білімнің әлсіз негізі. Мұнда топтарда, жұпта, үштікте жұмыс істеу көмекке келеді. Оқушыларға бірлескен шығармашылық атмосферасы өте ұнайды, оның барысында мұғалім ұсынған материалды ынталы түрде зерттейді, оның мазмұнын кумулятивті немесе зерттеу әңгімесінде талқылайды. Интернеттен немесе басқа көздерден қосымша материал табыңыз. Сабақтарда олар белгілі бір оқу материалын түсінуді көрсететін плакаттар жасайды. Осылайша зерттелген ақпарат есте қалады, әлсіз оқушылар бәрімен бірге жұмысқа қатысады және олардың жұмысының нәтижесін көреді, бұл әсіресе оқу мотивациясын одан әрі арттыру үшін өте маңызды. Менің мақсатым-заманауи технологияларға сәйкес оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізу, бірақ бұл оңай емес. Мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істей отырып, мен шет тілін сәтті меңгеруге ықпал ететін әдістер мен құралдарды зерттеуге көп көңіл бөлуге тырысамын. 24.03-06.04 2022ж. аралығында "Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіпқойлығын дамыту"тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті Мен алған білімімді өз сабақтарымда, әсіресе білім сапасының төмен көрсеткіштері бар сыныптарда (9е,10е, 11е) қолданамын, оқушылардың білім аясын кеңейтемін; жұмыс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; балаларды бірге, тату жұмыс істеуге үйрету; артта қалған балаларды қатайту, олардың назарын жұмысқа аудару және қызығушылық таныту, балаларды өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға үйрету. Мұндай сабақтардың мақсаты-топтық оқыту әдістерін қолдану, сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру; пәнге қызығушылық тудыру; оқушылардың білім деңгейін арттыру. Осылайша, осындай сабақтарды өткізгеннен кейін, сондай-ақ әріптестерімнің сабақтарында балалардың жұмысын бақылай отырып, егер мен балаларды шағын топтарға біріктіріп, оларға берілген тапсырманы орындаудағы топтың әр оқушысының рөлін талқылай отырып, оларға бір жалпы тапсырма берсем, онда жағдай туындайды, онда әркім тек жауапты емес өз жұмысының нәтижесі, бірақ, ең бастысы, бүкіл топтың нәтижесі үшін. Менің ойымша, топтық және диалогтық жұмыс оқушылардың сабақтағы белсенділігінің артуына әсер етеді, ынтымақтастық тәрбиеленеді, оқушының өзін-өзі бағалауы қалыптасады, оқу мотивациясы артады. Белгілі бір дәрежеде мен балалардың тақырыпқа деген қызығушылығын оята алдым. Соңғы сабақтарда олар жұмысқа белсенді қатысты, бірақ мен бәрін айта алмаймын. Бірақ маған бұл тәжірибе ұнады. Мен өзім үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді алдым. Желтоқсан айында Менің топтарымның оқушылары Винникова Инесса. Желтоқсан айында Менің топтарымның оқушылары Винникова Инесса, 9е сынып оқушысы және Наргилова София, 10 сынып оқушысы облыстық, республикалық және халықаралық ағылшын тілі бойынша "Ұлы дала баласы" байқауына қатысты жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

Отарбай Айдана. Ағылшын тілін оқып үйрену қабілеті, зейіні төмен балалар үшін өте қиын деп ойлаймын.Себебі өз ана тіліндегі сабақтарды меңгере алмаған бала шет тілін қайтып меңгерсін. Жоғарыда атап көрсеткенімдей әр сыныпта осындай оқушылар бар. Үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс жоспарым бар. Бірақ сынып бойынша бөлінбеген. Дегенмен де бұл оқушылармен сабақтан кейінгі уақытта, қосымша сабақтар өткізіп, үй тапсырмаларын орындатып , түсінбеген тақырыптарды қайталадық. Сондай-ақ 5-ші сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларға осы сыныптағы жақсы оқитын оқушыларды бөліп қойдым. Мақсаты сабақ кезінде де, сабақтан тыс уақытта да сол балаларға көмектесу.

Шет тілі пән бірлестігінің апталығында 6 Е сыныбымен жаңартылған бағдарлама бойынша «Was.Were\There was .There were» тақырыбында ашық сабақ және 6д-6е сыныптарымен сыныптан тыс жарыс сабақ өткіздім. 

«Өрлеу» БАҰО «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пән мұғалімінің пәндік құзіреттілігін арттыру » тақырыпта офлайн форматта  оқу-әдістемелік курсқа қатысып білімін жетілдірді.Курс кезінде «Ағылшын тілі» пәнін орта мектептепде оқу - тәрбие жұмыстарына кіріктіре ұйымдастыру» атты облыстық семинар жұмысына белсене қатысқаны және озық педагогикалық шеберлігі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

Оқушылардың жеткен жетістіктері: 6 Д сыныбы оқушылары «Ұлы дала баласы» атты онлайн республикалық және облыстық олимпиадасында жүлделі 1 орын иеленді.6Д Визитиу Артем онлайн олимпиадаға белсенді қатысып жүлделі 1 орын алды.

Жалпы сыныптардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдері қанағаттанарлық. Оқу жылы барысында мемлекеттік стандарт орындалды, оқу жоспары бойынша белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді. Дегенмен де пән бойынша үлгерімі төмен оқушылар баршылық. Оның басты себептері жоғарыда айтылды..

Алдағы оқу жылының мақсат міндеттері

Жалпы менің алға қойған мақсатым: оқушыларға шет тілін жоғары деңгейде меңгерту,яғни ағылшын тілінде сауатты оқуға,көркем жазуға және ауызекі сөйлеуге үйрету, оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Мұғалімнің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу. Олай болса алдағы оқу жылында алдыма қойған міндетім:

1. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстың жүйесін жандандыру.

2. Пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларды әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатыстырып, дайындық жұмыстарын жалғастыру.

3. Өзара сабақтарға қатынасу практикасын үзбей, әріптестердің тәжірибесін сабақ


Амангельды Мадина Абылайқызы  2022-2023 оқу жылында мен Амангельды Мадина Абылайқызы 2 «Б», 3 «А», 3 «Б», 3 «В», 3 «Г», 4 «А», 4 «Б», 4 «В» , 4 «Г», 4 «Д» сыныптарында ағылшын тілі пәнінен сабақ өткізді. .  


2022-2023 оқу жылында келесідей жетістіктері бар:

  1. Амангельды Мадина «UmtylAcademy” орталығымен «Тағылым» Республикалық ақпараттық-ғылыми әдістемелік журналының қолдауымен өткізілген «Ustazpro” вебинарына қатысқаны үшін сертификат берілді
  2. «Ұлы дала баласы» олимпиадасында Амангельды Мадинаның оқушылары 3 «Б» Ержан Мирас, Дәулетбақ Нұрали, 2 «Б» сынып Болатханқызы Аяна, 3 оқушы да 2ші турдан өтіп 1ші орын иеленді
  3. Амангельды Мадина “Reading for pleasure” атты ағылшын тілі мұғалімдері арасындағы аудандық жарыстан “Best reader” номинациясына ие болды
  4. Амангельды Мадина ағылшын тілі пәнінен 4 «А» сыныбымен “Help the planet” тақырыбында ашық сабақ өткізді
  5. Амангельды Мадина ағылшын тілі пәнінен 4 «Б» сыныбымен “Fast machines” тақырыбында ашық сабақ өткізді 



     


Ашық сабақ 4 «А» сынып

Амангельды Мадина 4 А сыныбымен «Help the planet” тақырыбында алғашқы ашық сабағын өткізді.   Оқушыдарды сабақтың мақсатына жетуге бейімдеді. Мәтінмен техникалық құралдар қолдану жұмыстары жүзеге асырылды. Оқушыларды шабыттандыру мақсатында әр білім алушыға “Motivational lamp” стикерлері таратылды. Үй тапсырмасы «Potato chips(картошка фри)» әдісі арқылы тексерілді.  Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау тиімділігі, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді. Сабақта топтық жұмыс болды. Балалар топта белсене жұмыс жасады.Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Әр тапсырма қызықты әдіс-тәсілдер арқылы орындалып оқушылардың сабаққа қызығушылығы барған сайын артты. Сабақ соңында рефлексия өткізді.Бағалау стикерлер арқылы болды. Жалпы мақсатқа 70%дай жете білді.

 




 
 








Ашық сабақ 4 «Б сынып

Амангельды Мадина Абылайкызы 4 Б сыныбында «Fast machines» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушыларды сабақтың негізгі практикалық мақсаттарына жетуге бейімдеді, жаңа тілдік материалмен жұмысқа дайындады.Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындауқабілеті,оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді.

 




 
   Амангельды Мадина сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.Мұғалім сабақ барысында «Kahoot» платформасын қолданды. Мұғалім сабақта сергіту сәтін өткізді. Сабақта оқушылар жеке жұмыс жұптық жұмыс, топтық жұмыс жасады.Оқушылар сабақта әр тапсырманы орындап, белсене қатысып отырды.Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Яғни, әр тапсырмаға бағалау ретінде «Stars»әдісін қолданды. Бұл бағалау әдісі оқушылардың мотивациясын көтеруге көмегін тигізді. Сабақ басталмастан бұрын Мұғалім балаларға «Мотивациялық лампа» таратып олардың көңіл күйін көтерді. Мұғалім «Банка» әдісі арқылы балаларға грамматикалық тапсырмалар орындатты. «Сәйкестендіру» арқылы жаңа сөздер таныстырылып жаттатқызды. Сабақты қорытындылау “Kahoot!” платформасы арқылы болды. Рефлексияда «Телефон» әдісі арқылы балалардың сабақ жайлы тапсырмалар жайлы кері байланысын білді, әрі мақсатқа қаншалықты жеткенінде білді.








   2022-2023 оқу жылында мен Даутбай Асылжан Еркінұлы 2 «В», 4 «Г» 4 «Г» (үйден оқыту), 5 «Д» (үйден оқыту), 6 «В», 7 «А», 7 «В»,  8 «Б», 9 «Б» (үйден оқыту) сыныптарында ағылшын тілі пәнінен сабақ өткізді. Оған қоса, «Ойна, домбыра» атты домбыра үйірмесін өз жетекшілігіне алды. Сонымен қатар, Даутбай Асылжан 6 «В» сыныбының сынып жетекшісі қызметін атқарды.  


2022-2023 оқу жылында келесідей жетістіктері бар:


1) Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген білім саласының үздік қызметкерлері арасында «Педагогика – менің таңдауым» атты байқауында белсенділік танытып, сапалы білім беруде атқарып жүрген еңбегі бен жұмыстары үздік деп танылды.

2) Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген білім саласының үздік қызметкерлері арасында «Парасатты педагог» атты байқауында белсенділік танытып, сапалы білім беруде атқарып жүрген еңбегі бен жұмыстары үздік деп танылды.      

3) Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» байқауына қатысып, «Үздік педагог» екенін үздік жұмысымен дәлелдеп, қоғам мен мемлекет өміріндегі білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға ықпал жасап, мәңгілік елдің жарқын болашағы жастардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбегі үшін І орынды иеленді.          

4) Принял участие в семинаре "Творческая мастерская: тандем учитель - ученик" по совершенствованию работы с талантливыми одаренными детьми" атты сертификатпен марапатталды. 

5) Даутбай Асылжан Еркінұлының жетекшілігімен 6 «В» сынып оқушысы Бакір Бибарыс Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас зерттеуші» атты байқауында ойының ұшқырлығымен ерекшеленгені үшін алғыс хатпен марапатталды.

6) Даутбай Асылжан Еркінұлы ағылшын тілі апталығында «Spoken English Teaching Techniques» тақырыбында тренинг өткізді.  

7) Даутбай Асылжан ағылшын тілі пәнінен 7 «В» сыныбында «Clothes, Footwear & Accessories» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 





Ашық сабақ

    Даутбай Асылжан Еркінұлы 7 В сыныбында «Clothes, Footwear & Accessories» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушыларды сабақтың негізгі практикалық мақсаттарына жетуге бейімдеді, жаңа тілдік материалмен жұмысқа дайындады. Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау қабілеті, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді.

   Даутбай Асылжан сабақ барысында әртүрлі қызықты, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Мұғалім сабақ барысында «Wordwall» платформасын қолданды. Мұғалім сабақта психологиялық ахуал, сергіту сәтін өткізді. Сабақта оқушылар жеке жұмыс жасады. Оқушылар сабақта әр тапсырманы орындап, белсене қатысып отырды. Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Яғни, әр тапсырмаға бағалау ретінде «Ашық журнал» әдісін қолданды. «Ашық журнал» арқылы оқушының әр тапсырмада алған баллы көрсетіліп отырды. Ашық журнал 10 баллдық бағалау жүйесін қамтиды. Бұл бағалау әдісі оқушылардың мотивациясын көтеруге көмегін тигізді. Мұғалім «берілген тақырып туралы оқушы не біледі?» деген мақсатпен «сұрақ-жауап», «ой алмасу» сияқты тапсырмалар беріп отырды. Лексикалық  материалға басты көңіл бөлінетіні көрсетілді. Сабақ соңында рефлексия өткізілді. Мұғалім рефлексияға «Cаты» әдісін қолданды.


 
 

                                 Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекеме                                             Ағылшын тілі апталығында өткізілген іс-шара есебі  

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Даутбай Асылжан Еркінұлы              

Тақырыбы: Spoken English Teaching Techniques 

20.02.2023-03.03.2023 уақыт аралығында ағылшын тілі апталығы болды. Бірнеше ашық сабақтар мен тренингтер жүргізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері барлық сабақтарында  жаңа технологияны қолданып, сабақтары жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар сыныптан тыс іс- шараларда да белсене қатысты. Өзім жүргізген “Spoken English Teaching Techniques” атты тренингте жоғары деңгейде өтілді.                              

Тренингтің мақсаты:                                                                                                                                       * Ағылшын тілінде еркін сөйлеуге алып келетін тиімді, әрі қазіргі таңда шет елдіктер қолданатын әдіс-тәсілдермен бөлісу                                                                                                                                   * Жаңа әдіс-тәсілдермен оқушылардың қызығушылығын арттыру                                                              * Ағылшын тілін үйренуде оқушыларға дұрыс бағыт беру  

Тренингте бірнеше тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді. Соның ішінде, “describing the situations”, “describing the people action”, “describing the picture” әдістері тек қана оқушыларға ғана ұнап қоймай, мұғалімдердің де көңілдерінен шықты. Тренинг барысында бұл әдіс-тәсілдер қолдынылып, тәжірибеленді. Тренинг оқушыларға да, мұғалімдерге де ұнамды, әрі пайдалы болды деген ойдамын. Бұл әдіс-тәсілдерді қолдану жақсы нәтижеге алып келетініне сенімдімін.                                   

  







Жалбырова Ақерке Ерланқызы Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің педагог-сарапшы санатындағы ағылшын тілі пән мұғалімі. Еңбек өтілім – 5 жыл. 

         2022-2023 оқу жылында мен бастауыш сыныптарда 2А, 2Б, 2В, орта буын бойынша 5А және де үйден оқыту бағдарламасы бойынша  2Е, 4Д, 6А, 8В сынаптарының оқушыларына сабақ берді. Сонымен қатар жас маман Амангельды Мадинаға тәлімгер болып тағайындалды. 

         Оқу жылының І жарты жылдығында «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайыстарының облыстық және халықаралық кезеңінде 2 сынып оқушылары Талғат Бексұлтан, Бекберген Жан және 5 сынып оқушысы Серікбай Асанали І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілік еткені алғыс хатпен марапатталды. 

         Оқу жылының ІІ жарты жылдығында ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы болып өтті. Апталық барысында 5А сыныбымен бірге «Escape to Narnia» тақырыбында ашық сабақ және «professional prosperity of teachers» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Ашық сабақ мақсаты тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту жаңа сөздермен танысып оны сабақ барысында қолдану. Сабақ мақсатына, оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Жаңа сөздер слайд арқылы фото, аудио арқылы таныстырылды. Жаңа сөздер есте қалу үшін әрбір оқушы жаңа сөздерді мәтіннен тауып, сөйлем қазақ тіліне аударылды. Мәтінге сай видео көрсетіліп, мәтін ашық және жабық сұрақтар арқылы  талқыланды. Сәйкестендіру, сөйлемді толықтыру, дұрыс немесе жалған тапсырмалары орындалды. Сабақ барысындағы барлық тапсырмалар Nearpod платформасы арқылы ұйымдастырылды. Онлайн Jamboard платформасы арқылы кері байланыс жүргізілді. Ал, тренинг мақсаты: мектептегі әріптестерге тапсырма орындата отырып түрлі   платформалар мен әдістерді таныстыру, тәжірибе алмасу болды. Жиналған мұғалімдер бірінші көрсетілген видео арқылы бір-бірімен амандасып көңіл-күйлері көтерілді, содан соң flippity платформасы арқылы топқа бөлінді, бірінші тапсырма quizzizz платформа арқылы тест ұйымдастырылды, екінші тапсырма жұптық жұмыс қатысушыларға қызықты қысқа аяқталмаған оқиға көрсетіліп, әрбір рөлдік ойын арқылы оқиғаны аяқтау тапсырмасы болды. Үшінші тапсырма тарсия әдісі арқылы топтық жұмыс берілді. Тапсырмалар орындап болған соң жауапты мұғалімдер әрбір тапсырмадағы әдіс пен платформа туралы ақпарат берді. Тренинг соңында әрбір мұғалім бағаланып, сергіту сәті, кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысқан әріптестерім өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ басқа да әріптестерімнің сабақтарына қатысып тәжірибе алмастым. Сонымен қатар мектебімізде ұйымдастырылған жас мамандар апталығында  2В сыныбымен Types of vehicles тақырыбындағы ашық сабағымды өткіздім. 

           Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оң өзгерістер көп. Жарық көріп жатқан әдістемелік құралдар мен инновациялық технологиялар қатары күн сайын көбеюде. Жаңа технологиялардың артықшылығы – білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларынан көрінеді. Менің негізгі мақсатым жаңа инновацияларды өз сабағыма енгізу және жоғары деңгейде қолдану. 


Ағылшын тілі пәні мұғалімі Туеханова Мадина Медетбаева

Білімі: жоғары, еңбек өтілі 3 жыл, жүктемесі – 18 сағат.

2022-223 оқу жылының басында күнтізбелік жоспар жасалып, мектеп директорымен бекітілді. 2022-2023 оқу жылында 5В, 6Б, 7Б, 7В, 8А, 8Б сыныптарына сабақ берді.

Оқу жылының басында «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбындағы біліктілігін арттыру курсынан өтті.   

Есік қаласының әкімінен алғыс хат алды.

Ағылшын тілі апталығында оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 5 В сыныбымен «The fish and the fisherman» атты ашық сабақ өтті. 

 




 
 

Апталықта сонымен қатар, 6 “Б” сыныбымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Апталықтың жабылуында 8 “А” сыныбы “Cinderella” көрініс көрсетті.

 




 
 

Жас мамандарапталығынды «Activities» атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар диалогты сөйлеу, топпен жұмыс істеу,ипостер жасап, оны қорғай алу деген сияқты іскерлікті дағдыларын қалыптастырып, дамыта білді. 

Сабақ жоспары талапқа сай жасалды. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, күннің реті, ауа-райы туралық сұрақтар қойылды. Суреттер арқылы тақырыпты аштым. Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырып, мақсатқа жетуге бейімдедім. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, тапсырмаларды орындау қабілеті өте жақсы деңгейде болды. Сабақ барысында психологиялық ахуал, сергіту сәтін өткіздім. Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстады.

Сабақ барысында көрнекіліктер мен АКТ және жаңа формадағы әдіс-тәсілдерді, «Kahoot» платформасын қолданды. Сабақта оқушылар жеке, топтық, жұптық жұмыс түрлерін жасады. Лексикалық материалға басты көңіл бөлінді.Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді.

Күнделікті сабақтарымды АКТ-ны және инновациялық оқыту технологияларын қолдана отырып өткізді. Тек қана оқулық көлемінде шектеліп қоймай,сабағында қосымша интернет материалдарын пайдаланды. Жоғары сыныптарда грамматикалық кестелер мен сызбаларды қолданды.

 




 
 Ағылшын тілін үйрету барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді. — Балалар ағылшын тілін үйрену барысында тілді өздеріне жеңіл қабылдады. — Балалардың тілге деген қызығушылықтарының түрлі тақпақтар, өлеңдер, ойындар арқылы артылды . — Балалар әр түрлі типтегі сұрақтарды қоя біледі, оған жауап бере біледі. — Жоспардағы тақырыптар бойынша лексикалық бірліктерді толық меңгерді. Командаларды орындай біледі.

Қорытынды

Жалпы сыныптардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдері қанағаттанарлық. Оқу жылы барысында мемлекеттік стандарт орындалды, оқу жоспары бойынша белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді.

Ұсыныс:

  1. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстың жүйесін жандандыру.
  2. Пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларды әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатыстырып, дайындық жұмыстарын жалғастыру.



Джасыбаева Эльмира Султановна 2022-2023 оқу жылындағы апталық жүктеме келесі сыныптарда 20 сағатты құрады: 5д,6д,е 7д, е 8Д = 2 сағат үйде оқыту 10Е сынып. English plus 5.6.8 Virginia Evans-Jenny Dooly-BOB Obee бойынша 7-сыныпта Excel 10-сыныпта Aspect for Kazakhstan бойынша жұмыс істеді. Бағдарлама толығымен өтті. Менің өзім білім беру тақырыбым "шет тілін оқытудағы білім сапасын арттыру құралы ретінде оқытудағы практикалық бағыт". Ол мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбымен тығыз байланысты. Өз тақырыбыммен жұмыс істей отырып, мен әдістемелік әдебиеттерді көп оқып, вебинарларды тыңдаймын. Өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа оқыту әдістерінен хабардар болу үшін Инстаграмдағы бірнеше жұртшылыққа жазылды. Сондай-ақ, Мен өзімнің олқылықтарымды диагностикалау үшін әртүрлі сынақтардан жиі Өтемін.

Келесі мақсаттар қойылды: 1. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін диагностикалау. 2. Жалпы және арнайы оқу дағдыларын жетілдіру арқылы оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін дамыту. 3. Өзінің әдістемелік қызметін жандандыру. Менің жұмысым келесі міндеттерді шешуге бағытталған: 1.Сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету. 2.Төмен ынталы оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы білім сапасын арттыру. 3. Жоғары ынталы оқушыларды оқу-зерттеу қызметіне тарту.
 
 

Жыл бойы әр түрлі сынып оқушыларында тұрақсыз динамика болды мерзімді жоғарылау және төмендету. Жұмысты талдау негізінде келесі оқу жылына келесі міндеттер туындайды: 1. Өзін-өзі тәрбиелеу, семинарларға, конкурстарға қатысу арқылы өзінің кәсіби біліктілігін одан әрі арттыру. 2. Барлық оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында тиімді инновациялық технологияларды қолдану. 3. Оқу процесін даралау арқылы төмен ынталы және жоғары ынталы оқушылармен жұмысты күшейту. Осы оқу жылында білім беру сапасын арттыру үшін мен инновациялық технологияларды белсенді және тиімді қолдандым. Осы оқу жылында білім беру сапасын арттыру үшін мен инновациялық технологияларды белсенді және тиімді қолдандым. Осылайша, ойын оқыту технологиясын (рөлдік ойындар, оқыту ойындары – фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және т.б.); Денсаулық сақтау технологияларын (физикалық минуттар, музыкалық үзілістер); коммуникативті оқыту технологияларын (оқушыларды шетелдік құрдастар әлемімен, шетелдік балалар фольклорымен таныстыру) қолдана отырып, тілді меңгеруге деген ынтаны дамытуға баса назар аударылды. Мәдениеттану міндетін орындау үшін оқушыларға жобалық қызмет технологиясы, ақпараттық коммуникациялық технологиялар ұсынылды. Мұның нәтижесі-үлгермеген немесе сертификатталмаған оқушылардың болмауы. Келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Оқушылармен жұмысының тиімділігін арттыру үшін басқа мұғалімдердің тәжірибесін қолдануға тырыстым, сабақтарға Амурлаева Х. А., Хурметхан г. қатысты. Сондай-ақ, дидактикалық әзірлемелер жинақталды: жеке тапсырмалары бар карточкалар, көп деңгейлі карточкалар, тесттер, ойын-сауық бейне және аудио материалдар, Оқу деңгейін тексеруге және диагностикалауға арналған материалдар. Сабақтарда дәстүрлі емес сабақтар өткізу, көрнекі құралдарды, компьютерді, мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы пәнге қызығушылық тудыруға тырысты. 3. Ағылшын тілі онкүндігі аясында Мен 22.2.2020 ж. "escape to Narnia" тақырыбы бойынша 5Д сыныпта шет тілі ҚМ басшысы Г. Хурметханның қатысуымен Ашық стандартты емес сабақ өткіздім.
  2. Сабақ викторина түрінде берілді. Топ екі кіші топқа бөлінеді және тақырып бойынша барлық материалдар қамтылды және лексика мен грамматика... балалар ағылшын тілінде сөйлеу және бір-бірін түсіну қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ,6д, Е сыныпта әріптесі Отарбай Айданамен бірге "Funny English" тақырыбында викторина сабағы өткізілді.
  3. Қорытынды: 2022-2023 оқу жылына арналған оқу жоспары орындалды, оқу бағдарламасы (теориялық және практикалық бөлімдер) өтті. Биылғы оқу жылында қойған мақсаттарыма жалпы қол жеткізілді, міндеттер орындалды. Келесі оқу жылына педагогикалық қызметтің басым бағыттары анықталды.



   2022-2023 оқу жылында  Талғат Аяулы Талғатқызы 3 «Е», 6 «А», 6 «Б», 7 «А», 8 «В», 

9 «А», 9 «Б», 9 «В» сыныптарында ағылшын тілі пәнінен сабақ өткізді. Сонымен қатар, Талғат Аяулы 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі қызметін атқарды.  


2022-2023 оқу жылында келесідей жетістіктері бар:


1) "Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеп, алғыс хатпен марапатталды.

2) Приняла участие в семинаре "Творческая мастерская: тандем учитель - ученик" по совершенствованию работы с талантливыми одаренными детьми" атты сертификатпен марапатталды. 

3) Талғат Аяулы ағылшын тілі пәнінен 7 А сыныбында «Natural phenomena» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  

4) Талғат Аяулы ағылшын тілі пәнінен 6 А сыныбында «Jobs» тақырыбында ашық сабақ өткізді.



Ашық сабақ 7 А сынып

Талғат Аяулы 7 А сыныбында «Natural phenomena» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушыларды сабақтың негізгі практикалық мақсаттарына жетуге бейімдеді, жаңа тілдік материалмен жұмысқа дайындады. Мәтінмен, техникалық құралдар қолдану жұмыстарын ұйымдастырды.   Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау тиімділігі, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді.

Мұғалім сабақ барысында «Kahoot» платформасын қолданды. Сабақта топтық жұмыс болды. Балалар топта белсене жұмыс жасады. Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Сабақ соңында рефлексия өткізді. Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Мұғалім «берілген тақырып туралы оқушы не біледі?» деген мақсатпен «сұрақ - жауап», «талқылау», «ой алмасу», сияқты тапсырмалар беріп отырды. Лексикалық  материалға басты көңіл бөлінетіні көрсетілді.



  Ашық сабақ 6 А сынып

  Талғат Аяулы Талғатқызы 6 А сыныбында «Jobs» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушыларды сабақтың негізгі практикалық мақсаттарына жетуге бейімдеді, жаңа тілдік материалмен жұмысқа дайындады. Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейі, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау қабілеті, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі өте жақсы көрсетілді.

   Талғат Аяулы сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Мұғалім сабақ барысында «Kahoot» платформасын қолданды. Мұғалім сабақта психологиялық ахуал, сергіту сәтін өткізді. Сабақта оқушылар жеке жұмыс жасады. Оқушылар сабақта әр тапсырманы орындап, белсене қатысып отырды. Әр тапсырмаға кері байланыс жасалды. Яғни, әр тапсырмаға бағалау ретінде «Ашық журнал» әдісін қолданды. «Ашық журнал» арқылы оқушының әр тапсырмада алған баллы көрсетіліп отырды. Ашық журнал 10 баллдық бағалау жүйесін қамтиды. Бұл бағалау әдісі оқушылардың мотивациясын көтеруге көмегін тигізді. Мұғалім «берілген тақырып туралы оқушы не біледі?» деген мақсатпен «сұрақ-жауап», «ой алмасу» сияқты тапсырмалар беріп отырды. Лексикалық  материалға басты көңіл бөлінетіні көрсетілді. Сабақ соңында рефлексия өткізілді. Мұғалім рефлексияға «Букет» әдісін қолданды. 

Хұрметхан Гүлнұр  2022-2023 оқу жылында 21 сағаттық  жүктемемен жұмыс атқарды. 10 Б сыныбына жетекші болды.  Сабақтар 5 А, Б, 9 В,Д, 10 А, Б снныптарында сабақ жүргізілді. Оқу жылы барысында дарынды балалармен бөлек және үлгерімі төмен оқушылармен артық жұмыс жүргізілді. Сабақ барысында балалардық жас ерекшелігі мен білім деңгейі әрқашан ескеріліп деңгейлік тапсырмалармен толыққанды жұмыс жүргізіліп отырды.  Оқу жылында белсенді жұмыс жүргізіліп олимпиада, сайыстарға қатыстырылып отырды. 

Оқу жылында мектепішілік «Үздік сынып жетекші»  сайысына қатысып, номинацияға ие болды.

Сабақ барысында мұғалім сабақты жан-жақты түрлендіре өтті. Тілдік дағдылар айтылым, оқылым, тыңдалым және жазылым дағдылыарын дамыту барысында аудио, видио сабақтар, әртүрлі платформалармен тапсырмалар, ойындармен толықтырып отырды. 


28.02.2023 ж 5 Д сыныбында «The Fish and Fishermen» тақырыбымен ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту,тапсырмаларды белсендік,әдістер арқылы орындату,тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру.Сабақ барысында ұйымдастыру кезеңінде ерекше амандасу тәсілін қолданды.Сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдер,музыканың көмегімен жылдамдыққа пазлды жинау,тарсия,топтық жұмыс пен жеке жұмыстары жүргізілді.Сабақта бағалау ұпай жинаумен болды,кері байланыс пен рефлексия орымен орындалды.Оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,дүниетанымын кеңейту,ұйымшылдыққа ,тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған  Іс-шараға 3 «а»және 3 «б» сыныптарынан 6 оқушы қатысты.Сайыс 4 кезеңнен құралды.Оқушылар өздерін еркін ұстап,жан- жақтылығын қысылмай көрсете алды. «WordWell» платформасында дайындалған тапсырмалар оқушыларға оңай әрі қызық болды.Әр кезеңге бағалау тәсілдер ерекше таңдалған.Қорытынды кезеңде алтын және күміс билеттер арқылы жиналған баллдарды санай отыра жеңімпаз топ анықталды.