Эстетикалық пәндері бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмысының есебі » Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Эстетикалық пәндері бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмысының есебі
16
июль
2023

Эстетикалық пәндері бойынша 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмысының есебі

«Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Эстетикалық пәндері бойынша 
 20
22-2023 оқу жылында атқарған жұмысының есебі


    Мектептің әдістемелік тақырыбы.
         2020 –2021 оқу жылында«
Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп»коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мектебінің мұғалімдері «Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр!Сонда ғана білім деп алатын асылтас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай да береді» тақырыбымен жұмыс жасады.
Эстетикалық пәндерінің әдістеме бірлестігінің тақырыбы: «Жаңа технология  үлгісінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру» осындай болды. Оқушыларды   эстетикалық тәрбиелеудегі және оқытудағы негізгі мақсат: баланың толық білім алуына ықпал жасау. Оқушыларды сулулыққа үйрету процесінде ғылым мен еңбекті өнермен ұштастырып, баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру

 ӘБ-тегі мұғалімдерінің  сандық және сапалық құрамы. Эстетикалық пәндерінің әдістеме бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс істейді. Олар:Салыбаева К.Ж,Меденов М.М,Аскербай Н.А,Кайыпназарова С,Смайлова Д,Жапарқанов С.Д. Аталған мұғалімдердің ішінде Салыбаева К.Ж,Меденов М.М,Смайлова Д - жоғары оқу орындарын бітірген, ал Кайыпназарова С, Аскербай Н.А,Жапарқанов С.Д-арнаулы орта білімі бар мұғалім.Барлығы қазақ ұлтты мұғалімдер.
           «Педагог-сарапшы» санаты бар мұғалімдер саны – 2. Олар: Салыбаева К.Ж,Меденов М.М.
 Жас мамандар саны-2.Олар: Смайлова Д, Кайыпназарова С

Мұғалімдердің  біліктілігін көрсету.
       Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Салыбаева К.Ж,Меденов М.М Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «К
өркем еңбек»  пән   бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша «Өрлеу» орталығында оқыту курсын аяқтады.
     Мұғалімдер әдістемелік жұмыстарын біліктілік санаты бойынша өз дәрежесінде атқарды.

Әдістемелік бірлестігінің  отырыстары өз уақытында өтілді. Ашық сабақтарды талдау жұмысы жүргізілді. Әдістемелік бірлестігінің  отырысында мұғалімдердің байқау жұмыстарымен, баяндамалармен танысты, талқыланды.   Бірлестік мұғалімдері жоспар бойынша сабақтарын беріп отырды.
 
Онкүндік 2022-2023 оқу жылы жоспарға сәйкес болып өтті. Мақсаты: сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы рухани бай, ел болашағын ойлайтын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың сауатын ашу, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту. Онкүндікке мектептегі 5-9 сынып оқушылары және пән мұғалімдері қатысты. Бірлестіктегі мұғалімдер онкүндік жоспарларын жасады, мектеп басшылары тарапынан      жасалған жоспар бекітілді. Әдістеме бірлестігінің пән мұғалімдері сабақтарында пайдаланып жүрген жаңаша әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақ барысында СТО технологияларды, треннинг, сергіту сәті тиімді қолдана білді. 

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Салыбаева К.Ж жоспар бойынша 2 наурыз күні «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты республикалық таланттар жәрмеңкесі болды.Ол жерде бірлестік мүшелерімен ұйымдастырылуымен үлкен көрме ұйымдастырылды.Қазақ үй тігіліп,қазақтың ұлттық нақыштағы бұйымдары және де басқа да әр түрлі бұйымдар  қойылды.Сонымен қатар «Шебер суретші» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Тимурқызы Асем сурет салып,мақтау қағазымен марапатталды.Таланттар жәрмеңкесіне біраз оқушылар көрмеге өз шығармашылық жұмыстарын қойып,көрермендер көзайымына айналды.

      2023 жылы 9 ақпанда А.Жексембеков атындағы орта мектеп базасында көркем еңбек,музыка пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек ,музыка пәндерін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында әдістемелік семинарға қатыстым.Семинардың мақсаты:Көркем еңбек,музыка пәндерінің оқытудағы тиімді тәсілдері жоспарлауда өзекті мәселелерді талқылау,өзара тәжірибе алмасу,тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік қолдау.
    Осы семинарда шебер сыныпқа және ашық сабақтарға қатысып,өзара тәжірибе алмасу арқылы көп әсер алып қайттым.
          23 ақпанда «Рахат орта» мектебінде  көркем еңбек,музыка пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары»тақырыбында әдістемелік семинарға  қатыстым. «Бұйым дайындау.Бөлшкетерді пішу» тақырыбында 6 «Б»сыныбында өткен ашық сабаққа қатыстым.Сабақта жаңа әдістерді қолдана отырып,өзара тәжірибе алмасу болды.Семинар өте жақсы деңгейде өтті.
          14 наурызда Н.Островский атындағы орта мектепте көркем еңбек,музыка пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Білім сапасын арттырудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында әдістемелік семинарға қатыстым.Семинардың мақсаты:Көркем   еңбек және музыка пәндерін оқытудағы тиімді тәсілдерді жоспарлауда өзекті мәселелерді талқылау,өзара тәжірибе алмасу,тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік қолдау. 
9 «Г»сыныбында өткен «Эксперимент по созданию коллекции аксессуаров»атты ашық сабаққа қатыстым.Сабақ өте жақсы өтті

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Смайлова Динара Тлеубергеновна жыл бойы мынандай жұмыс атқарды;

2022-2023 оқу жылының қыркүйегінен бастап оқу жүктемесі 21 сағат болып бекітілді. Берілген сағат бойынша 5А, 5Б, 5Е, 5Д, 6Д, 6Е сыныптары мен 6Д, 7Д, 8Е үйден оқыту оқушыларына сабақ жүргіздім. Мектепішілік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. 

      2022жылдың 19 қазанында Бөлек ауылдық округіндегі Әймен орта мектебінде көркем еңбек пәніне бағытталған «Өнерлінің өрісі кең» атты аудандық семинар өтті. Көркем еңбек пәні бойынша  оқушыларды еңбекқорлыққа, ұлттық құндылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара мектеп аясында зергерлік, киізден, жібектен жасалған бұйымдар, былғарыдан белбеу, әмиян, ат әбзелдері мен қыштан құйылып, ағаштан ойылып көмкерілген ыдыс-аяқтар және музыкалық аспаптар, алаша, көрпе, жастықтар ел назарына ұсынылды. Он саусағынан өнер тамған шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар көздің жауын алады.

      2023 жылдың 24 наурызында «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесі» «Әл-Фараби орта мектеп» КММ «Әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану – сапалы сабақ кепілі» тақырыбындағы каникулдағы іс-шара барысында өткізілген аудандық семинарға қатыстым. Семинарда көркем еңбек, музыка пәндерінің мұғалімдері өз сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісе отырып, мұғалімдер арасында тренингтар өткізді. Тренингта бірі жаңартылған цифрлы әдістерді таныстарса, екіншісі көркем еңбек (ұлдар) пәні бойынша сабақтың өтілу тәсілмен, сымдардан бұйым жасауды және жас маман картон қағаздарынан робот машиналарды жасау жолдарымен таныстырды. Білім қоржынын толықтырарлықтай іс-тәжірибемен алмастым.
      «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесі» Көркем еңбек пәндерінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 мамыр күні Шорманов орта мектеп базасында «Тәжірибе алмасу – кәсіби шеберлікті шыңдау» тақырыбында өткен семинарға қатыстым. Семинарда мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Тоқхожаева Мадина «Резин-арт» технологиясы бойынша мастер класс көрсетіп, сол технология бойынша тәжірибе алмасып, шеберлігімді шыңдағандай болдым. Сондай-ақ 9-сынып оқушыларына «Ландшафтық бұйымдар» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Семинар мақсатына сәйкес тәжірибедегі проблемаларды шешудегі әдістемелік қолдау таба алдым деп ойлаймын. 

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кайыпназарова Салтанат Канатовна жыл бойы мынандай жұмыс атқарды;

2022 – 2023 оқу   жылының қыркүйек айынада апталық сағат жүктемем 19 сағат   болып бекітілді.  Берілген сыныптардағы оқушылардың өз пәніме  деген  қызығушылығың арттыруды мақсат еттім. Теория жүзінде алған білімдерін практикада жүзеге асыра алуына аса назар аудардым.  2023 жылдың 24.04 – 28.04 аралығында  «Жас мамандар» апталығында «Десерт әзірлеу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Өзіме айтылған ұсыныстармен жұмыс жүргізетін боламын.

Мектепішілік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстым. Мектепшілік іс – шараларға арналған безендіру жұмыстарына өз үлесімді қостым. 
 
  20
22-2023 оқу жылындағы  эстетикалық пәндері бойынша  мұғалімдерінің   қол  жеткізген жетістіктері.

        Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Салыбаева К.Ж жетістіктері:
2022 жылы ақпан айында Ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған Республикалық «Ғасырлар перзенті» балалар шығармашылық байқауына оқушы дайындап,оның жан-жақты дамуына,өркендеп өсуіне үлкен еңбек сіңіргені үшін дипломмен марапатталды.
        2022 жылы қыркүйек айында «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Қазақстан педагог-зерттеушілері:үздік мақалалар,әдістеме және инновация» атты республикалық конкурсының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы  бойынша I орын алғандығы үшін дипломмен марапатталды.
       2023 жылы қаңтар айында Оқу-ағарту министрінің №514 бұйрығына сүйене отырып «Атамұра» ғылыми-әдістемелік орталығының «Qanatty Qalam”балалар танымдық журналы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» шығармашылық байқауына жеңімпаз тәрбиелеп,белсенділік танытып,білім сапасына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
        2022 жылы қараша айында «UmtylAcademy” орталығымен «Тағылым» Республикалық ақпараттық-ғылыми әдістемелік журналының қолдауымен өткізілген «USTAZPRO”вебинарында тәжірибе алмасып,біліктілігін арттырып,заманауи бағыттағы инновациялық педагогикалық технологияларды меңгергендігі туралы сертификат берілді.

      2022 жылы тамыз айында «Umtyl Academy” орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мәртебелі-Ұстаз» атты семинарға қатысып «Оқушыларды дамыту жолдары,жұмысты жүйелеуге арналған бағдарламалар мен қызықты әдіс тәсілдер және мақсатты жоспарлап қою» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарына қатысып,сертификат берілді.
2022 жылы Республикалық «Жарқын болашақ» өнер орталығының ұйымдастыруымен VII Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауына талантты да дарынды шәкірттерге шығармашылық қолдау білдіріп,педагогикалық еңбке жолында жас ұрпақтың бойына азаматтық,рухани адамгершілік,эстетикалық тәрбие қалыптастырғаны үшін дипломмен марапатталды.
        2023 жылы ақпан айында Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып, «Мұрагер» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының қаңтар-ақпан айларындағы «Абайтану» олимпиадасына шәкірт бойындағы дарынды шыңдауға ат салысып,білім саласына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
         2023 жылы наурыз айында «Таланттар жәрмеңкесі-23» республикалық семинарда «Творческая мастерская.Тандем:Учитель-ученик» дарынды балармен жұмыс атқарғаны үшін сертификатпен марапатталды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кайыпназарова С.К жетістіктері: 

  1. 2023 жылдың наурыз айы  «Таланттар жәрменкесі» сертификат 
  2. 2023 жылдың наурыз айы Есік қаласының әкімінің алғыс хаты 
  3. 2022 – 2023 оқу жылының ақпан – наурыз  айындағы «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы, «Atamura Education»  ғылыми – әдістемелік орталығының алғыс хаты 
  4. 2022 – 2023 оқу жылының сәуір  айындағы «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы, «Atamura Education»  ғылыми – әдістемелік орталығының алғыс хаты 

Оқушылардың жетістіктері.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Салыбаева К.Ж оқушыларының жетістіктері: 

      2023 жылы қаңтар айында Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып «Qanatty Qalam”балалар танымдық журналы 7-30 желтоқсан аралығында ұйымдастырған Республикалық « «Бояулар құпиясы» шығармашылық байқауына қатысып,жүлделі I орын иеленгені үшін Тимурқызы Әсем марапатталды.
2022 жылы ақпан айында Ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған Республикалық «Ғасырлар перзенті» балалар шығармашылық байқауына «Болашағым,сенімен бірге өсемін» қолөнері мен бейнелеу өнері бағыты бойынша қатысып,үздік өнер көрсеткені үшін бас жүлде дипломмен марапатталды
         2022 жылы Республикалық «Өрлеу»педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы және «MediaBilim” ақпараттық танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен «Арайлы күз,Алтын күз» атты республикалық жас таланттар байқауының үздік сурет номинациясы бойынша қатысып,шығармашылық дарындылығымен ерекшеленгені үшін Берік Ақжан
 I дәрежелі дипломмен марапатталды.
        2022 жылы 1 қазан қарттар күніне орай Республикалық «Өрлеу»педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы және «MediaBilim” ақпараттық танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен «Аман жүрші,қарттарым» атты байқауға қатысып,үздік өнер көрсеткені үшін I дәрежелі дипломмен Жолдасбай Диана марапатталды.
       2023 жылы ақпан айында Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып, «Мұрагер» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының қаңтар-ақпан айларындағы «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» номинация бойынша қатысып,I орын иеленгені үшін Нұржан Аруна марапатталды.
       2022 жылы Республикалық «Жарқын болашақ» өнер орталығының ұйымдастыруымен VII Республикалық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауында «Қолөнер» жанрында өнер көрсеткені үшін Нуржан Аруна бас жүлдемен марапатталды.
       2023 жылы Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы «Бейнелеуіштер» байқауында «Заманауи суретші» номинациясымен Тимурқызы Әсем дипломмен марапатталды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Смайлова Д.Т оқушыларының жетістіктері: 

2023 жылдың 2-наурыз күні мектебімізде Республика көлемінде өткізілген «Таланттар жәрмеңкесінде» өз жетекшілігіммен 6 «Е»- сынып оқушысы Камилова Айнурмен табиғаттың әсем көрінісін аппликациялық композияция ретінде қабырғаға бейнелеп, сертификатпен, дипломмен марапатталдық.        

    Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылының ақпан-наурыз айындағы  «Бояулар құпиясы», «Алтын қазына» байқауына 6 «Д» -сынып оқушысы Айчикеева Айпери қатысып Бас жүлде иеленіп, сәуір айында 5 «А»- сынып оқушысы Айдынұлы Мирас та бас жүлде дипломдарымен марапатталды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кайыпназарова С.К оқушыларының жетістіктері: 

  1.  25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің байтақ Республикам» тақырыбында өткізілген мектепішілік байқауда 6 д сыныбында оқитын оқушым Таиров Мурад  Бас жүлде мен марапатталды. 
  2. 2023 жылдың наурыз айында өткен Республикалық «Таланттар жәрменкесінде «Шебер қаламдар» номинациясы бойынша 6 а сыныбында оқитын оқушым Нұрлан Жанел марапатталды.
  3. «Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік  орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушым Дулатқызы Жұлдыз  қатысып,   1 орын иеленді.

«Атамұра» республикалық ғылыми – әдістемелік   орталығымен ұйымдастырылған «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауына  оқушыларым Мусанова Айлуна,Демидова Мария, Зырянова Ксения, Тохтыбакиев Дильмурат, Таиров Мурад, Нұрлан Жанел, Қойлыбек Кәусар, Искак Мансур, Азиева София   қатысып,  1 орын иеленді. 

            Музыка пәнінің мұғалімі Аскербай Нұржалғас Аралбайұлы жыл бойы мынандай жұмыс атқарды:

Мен Аскербай Нұржалғас Аралбайұлы, 2022-2023 оқу жылында 1 «Д»; 

2 «Д», «Е»; 3 «В», «Г», «Д», «Е»; 4 «Б», «Д», «Е»; 5 «Д», «Е»; 6 «Д», «Е»;

сыныптарына музыка пәнінен сабақ беріп, оқушыларды биылғы оқу жылында әр түрлі мектепшілік іс-шараларға қатыстырдым. Атап айтқанда:

  1. 01.09.22 ж. 1 қыркүйек «Білім күні» - 6 сыныптардан құралған хор мектеп гимнін орындаса, 4  «Е» сынып оқушысы Косилова Ульяна жеке ән шырқады.
  2. 01.10.22 ж. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебіміздің төрінде өткізілген қалалық концерт-спектакльге оқушылар белсене қатысты.
  3. 06.10.22 ж. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған әдеби танымдық кешіне 4-5 сынып оқушылары белсене қатысты.
  4. 25.10.22 ж. 25 қазан Республика күніне орай өткізілген салтанатты жиынға 5 сынып оқушылары хормен ән айтып жеке орындауда ән айтты.
  5. 25.11.22  ж.  Ақиқаттың ақыны Мұхтар Шахановпен кездесуге 2-6 сынып оқушылары белсене қатысты.
  6. 15.12.22 ж. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсіміне 2-6 сынып оқушылары белсене қатысып, жеке дауыста ән айтты.
  7. 02.03.23 ж. «Таланаттар жәрмеңкесі-2023» атты Республикалық семинарға 4 «Е» сынып оқушысы Косилова Ульяна вокал номинациясы бойынша өнер көрсетіп арнайы марапатпен марапатталды.
  8. 08.05.23 ж. Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиынға 2-6 сынып оқуышылары белсене қатысып ән шырқап би билеп көркем сөздер оқыды.


Музыка пәні мұғалімі ретінде оқушыларды әр түрлі байқауларға

қатыстырғаным үшін арнай алғыс хаттармен марапатталдым. Атап айтқанда:

  1. 02.03.23 ж. «Таланттар жәрмеңкесі-2023» атты Республиекалық семинарға шәкірттер дайындап белсене араласқаным үшін арнайы сертификатпен марапатталдым.
  2. 04.03.23 ж. ІІІ Халықаралық «Жұлдызды Таланттар» атты көп жанрлы өнер байқауына шәкірттер тәрбиелеп жеңімпаз атануына аянбай еңбек етіп, үлес қосқаным үшін арнайы дипломмен марапатталдым.

29.04.23 ж. ІІІ Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты балалар шығармашылық байқауына шәкірттер дайындап, олардың шығармашылық шыңдалуына үлес қосқаным үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталдым.

Келесі оқу жылының міндеттері. 
 Келесі оқу жылында, яғни 2022-2023 оқу жылында  бірлестік мұғалімдеріне мынадай міндеттер жүктелінеді:
 1. 
Оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша аянбай еңбектену.
 2. Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға өз үлестерін қосу.
 3. Білім стандартына   және бағдарламасына сай сабақты жоспарлап сапалы білім беру.
 4. Шығармашылық ізденісте болу, нәтижеге қол жеткізу.
 5. Оқушыларды ғылыми жобаға қатыстыру.
 6. Сабақтарында жаңаша әдіс – тәсілді тиімді пайдалана отырып, оқу мен тәрбиені  қатар алып жүру, оқу - тәрбие процессіне жаңаша мазмұн беру.
 7. Өзара сабақтарға еніп, тәжірибе алмасу, кемшіліктер мен жетістіктерін талқылап отыру.
 8. Пән кабинеттерін заман талабына сай жабдықтау.
 9. Көрнекті құралдарды көбейту. Электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны тиімді пайдалану.
 10. Интернет жүйесінен қалалық, облыстық, республикалық өнегелі ұстаздарды өзық тәжірибесімен бөлісу.
 11. Дарынды,   үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту.
 12.  Облыстық, қалалық,  мектепшілік байқауларға қатысу, оқушыларды дайындау, нәтижеге жету.
 13. Өз білімдерін жетілдіріп отыру. 
 

Эстетикалық пәндерінің әдістемелік                                Салыбаева К.Ж
 бірлестігінің жетекшісі